Жарнама дегеніміз не?

Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы. Жарнама (жар+нама; «жар» - жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» - араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан» - қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин. Энциклопедиялық, лексикологиялық, мағлұматнамалық, терминологиялық еңбектерде берілген анықтамалардан шығатын қорытынды – «жарнама – спектакль, концерт немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауық туралы хабарландарудың бір түрі».

Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдентиеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады.
Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына, қамтитын тақырыптарына, түрлеріне қарай әр түрге бөлінеді:
- сыртық жарнама (маңдайшалар, жарнамалық қалқандар, панно, плакаттар)
- теле және радио жарнама (жарнама роликтері, жарнамалық телерепортаждар, теледидардағы жарнамалық қатарлар, радио хабарландырулар, радио роликтер)
- парақша жарнама (каталогтар, буклеттер, жапсырмалар, шағын жарнама парақтар, шақыру билеттері, баға көрсеткіштері)
- газер жарнамасы (газет-журналдарда жарияланған жарнама мәтіндері)
Бүгінде жарнаманың жаңа түрлері мен жаңа қалыптары пайда болуда, алайда жарнама мәтінінде әрдайым негізгі, жетекші қызметті сөз атқарады. Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Алдымен қазақ елінде қазақ тілінде әзірлену керек. Сол тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым. Оған лайық балама немесе қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтау ұмыт қалғандай. Сөзбе-сөздіктің қазақ тілінің граматикалық құрылысына, қиыстыру жүйесіне қиянат жасаған жерлері баршыдық. Қиыны, міне осында. Небір жарнама аудармаларын оқып отырғанда, қарап отырғанда, не оқып, не түсінгенініді білмей қайран қаласың. Бірен-сраны болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін мысал келтірейін:

Строиетельные материалы Құрылыс заттары
Оптом и в розницу Көтерме және бөлшек.

Бұл мысалда сөйлем тиянақсыз, аяқталмаған. Негізгі ой – құрылыс заттарының көтерме және бөлшке бағамен сатылатындығында, яғни бұл сөйлем «баға» деген сөзді керек етіп тұр. Демек, «Құрылыс заттары. Көтерме және бөлшек бағамен» десе сөйлем түсінікті болар еді. Немесе калька тәсілімен аударылған тағы бір мына мысалға назар аударыңыз:
Ген победителя в каждом Жеңімпаз гені
Адресанттың не айтқысы келіп, қандай ой жеткізгісі келгені белгісіз. Мағынаға мән беру атымен жоқ.
Магазин продуктов и промышленных товаров
Азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары дүкені.
Бұл мысалда «тауарлар» деген сөзге ілік септігін, яғни «-нің» жалғауын қоссақ, сөйлем түсінікті, мәтін сауатты құрылған болар еді. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының дүкені.
Кейбір сөздердің, терминдердің аудармасы болар тұра, орыс тілінде қазақ тілінің қосымшасымен жазылып жатады. Мысалы,
Ремонт автомобилей Автомобильдер жөндеу
Автомобиль – адам немесе жүк таситын машина, яғни көлік. Неге «автокөлік жөндеу» демеске?
Активная семья Активті отбасы
Активный город. Активті қала
Активный студент Активті студент
Активное время Активті уақыт
Активные слова Активті сөздер
Енді бұл мысалды талдап көрелік: «актив» сөзінің бірінші мағынасы – белгілі ұйымның беріле, белсене істейтін мүшесі. Ал екінші мағынасы - өндіріс орындарының құнды зат я аласы, ақша бұйымдары. Демек мысалымыздағы «активті» сөзінің аудармасы – «белсенді». Белсенді отбасы, белсенді қала, белсенді студент, белсенді уақыт, белсенді сөздер десек орынды болар еді. Кейбір қазақ тіліндегі жарнамалар мәтіні орыс тіліндегі жарнама мағынасынан бөлек. Мысалы,
Самые привлекательные тарифы Ең тартымды тарифтер тізімі.
Орыс тіліндеігі мәтінде «тізім» деген сөз, «тізім» туралы ой да жоқ. «Ең тартымды тарифтер тізімі» болуы үшін «список самых привлекательных тарифов» болуы керек емес пе? Яғни «тізім» - «список» деп аударылады емес пе?
«Құлақтан кіріп бойды алар» дегендей қандай керемет аудармалар.Нағыз өмірге сән беретін құбылыс.Осыларға қарап күнделікті өмірде де бір жаңалық барын білеміз, десек те қазақша жарнама тілін қалыптастырып, ұлттық бояуды сақтап отырсақ іргесі берік ел болатынымыз айғақ
Бұл тек біздің облысытың емес, Республикалық деңгейдегі үлкен мәселе. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, көрнекі ақпарат пен жарнаманың аударма нұсқасын емес, семантикалық, грамматикалық, стилистикалық нормалары сақталған қазақша жарнама тілін дайындауға ерекше көңіл бөлу керек
Тауарлар мен өнімдердің, қызмет түрлерінің жарнамаланып отыруын реттейтін жарнама агенттіктері қажет және олармен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ халқының этномәдениетінен толық хабардар, сондай-ақ басқа тілдерді де жақсы білетін тілші мамандармен, аудармашылармен жасақталуы тиіс.
Жарнама түрлерімен айналысатын агенттіктер мен кәсіпорындарға тіл нормаларын сақтауды талап ету, оларға жауапкешілікң жіктеу, заңды бұзғандарға айыппұл салғызу керек.
Міне бүгінгі қазақ қауымы алдында тұрған, салмағы екі ұрпаққа да тең түсетін, ел болып, жұрт болып ойлана-толғана отырып шешетін ұлт тағдырына байланысты, күрделі де қиын проблема осы болса керек. Бұл проблемадан бой тасалап, сырт қалам деушілер түбінде мықтап қөателеседі, ал тіл заңын сөз жүзінде қолдаған болып, іс жүзінде жүрдім-бардым қарайтындардың күйкі тірлігі – елді емес, ең алдымен өзін-өзі алдағаны. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деп дана халық тегін айтпаған. Қоғамның арқалаған жүгі ауыр болғандықтан да оның құрамына енген азаматтардың ұраны ынтымақ, бірлік, тұтастық болуы керек деп білемін.
Ел конституциясы бойынша бекітілген қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қолдау мен қорғау - әрбір ұлтжанды азаматтың парызы мен міндеті. Осы жауапкершілікті түсінгенде ғана біз «жарымжан» жарнама мен шалажансар ақпаратқа бейжай қарамайтымыз анық. Өзгеге сыйлы боламыз десек, өзімізді сыйлай білейік. Тілімізді дамыту оның күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейту үлкен-кішіні, барлығының парызы. Онсыз біз ертең мықты мемлекет бола алмаймыз. Біздер - болашақ жастар, қазақ тілін ту етіп туып, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық. Өйткені біз бүгінгі заманның баласы болғанымызбен, келешектің кілтін ұстар ұрпақтың атасымыз. Ана тіліміз үшін күрес – елдің амандығы үшін, жұрттың тыныштығы үшін, яғни отбасымыз үшін күрес. Ар-ұятпен аяланатын ана тілімізге аянбай қызмет етелік.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ә.Қайдаров, Ө.Айтпайұлы. «Тіл майданы» Алматы, 2000ж.
2. Н.А.Кенжебекова. «ҚазМУ хабаршысы»№9 Алматы, 2002ж.
3. Г.Қ.Қазыбек. «ҚазМУ хабаршысы»№8 Алматы, 2002ж.
4. Солтанбекова Ғ.Ә. «Қазақ жарнамалары: тілдік сипаты және олардың ықпал ету қызметі» автореферат Алматы, 2001ж.
5. Н.Т.Сауранбаев, Г.Г.Мұсабаев, Ш.Сарыбаева. «Орысша-қазақша сөздік» Алматы, 2005ж.
6. Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М, Манасбаев Б. «Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы, 1990ж.