Радио тілі туралы толық
Радио тілі. Аудиалды мәтін ерекшеліктері. Сөз сазы. Орфоэпиялық норма. Әдеби тіл нормасы. Синтагма және кідіріс.
Радио тілі қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, әуезді болуы керек.
“Радио тілі” сөзден, сөйлеуден, әңгімелесуден келіп құралады екен. Сол сөйлесудің бәрі жай айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек.
Тіл қолданудың өзіндік сырлры, жұмбақтары жетерлік. Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, үн ырғағының радиода сөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың қандай дәрежеде болуының өзі адамға әр түрлі әсер етеді. Дұрыс акцентпен айтылған сөз көңілге қонымды шығады.
Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл-күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.
Дауыс тербелісі сөз баяуын арттырады. Осылайша радиодан берілітен материалдар мен хабарларда белгілібір ырғағпен сөйлеуші ақпараты тыңдарманға әсерлі де сенімді жеткізіледі.
Радио пацда бола бастаған уақыттардан бері радио тілі өз орнын иелену үстінде. Радиода сөз сөйлеу монолог, диалог түрінде келуі мүмкін.
Радио өзіне қажетті мүмкіндіктерді жақсы пайдалану үшін ауызша сөзді, оның айтылуы, дыбысталуы жүйесін қолданатыны белгілі. Осыдан келіп ауызша сөзді радиосөзге айналдыра білу де өнер. Ол үшін фонетиканың, морфологиялық, лексиканың , синтаксистің де қазақ тіліндегі заңдылықтарынан хабардар болу керек. Сонда ғана радиода хабарлар дайындауда табысқа жетуге болады. Ауызша сөзді дамыта отырып, әсемдеп, көркемдеп, оралымды да, мағыналы түрде қолдана білу-радиосөзді жасайтын жол. Тілдік бояларды арттыру үшін эпитет, метоафора, теңеуді пайдалану тиімді. Сондай-қ қанатты сөздерді қолдануда радиосөзге ерекше әсер, күшейтеді. Тыңдарманға сөз болып шығады.
Сонымен, радиосөздің нормасын жасайтын лингвистикалық база – ауызша сөздің стилистикасы болып табылады. Белгілі бір нормадағы ауызша сөзрадиосөздің негізі болып есептеледі. Ал осы радиосөздердің жалпы жиынтығы .: нормалары, стилистикасы, заңдылықтары, жүйесі, қалыптасуы мен дамуы, т.б. көптеген компоненттреі радио тілін құрайды.
Аудиалдар, визуалдар және кинестетиктер туралы әңгімені жалғастыруда, адамдардың бұл үш типінің бір-бірімен тек олардың ең жиі қолданатын сөздерімен немесе предикаттарымен ғана емес, сонымен қатар мінез-құлқымен, сыртқы түрімен және басқа белгілерімен ерекшеленетініне сіздің зейініңізді аударғым келеді. Бүг Аудиалды түр (А): Аудиалдарға әңгімелескенде реңк (тембр), дауыстың жоғарылығы және басқа аудиалды сипаттамалар маңызды. Бет әлпеті тегіс және қызғылт. Басы бүйіріне қисайған.
Аудиалдар басқа адамдардың дауыстарын жақсы көшіреді. Аудиал монотонды, ырғақты, дауысын жоғары етпей сөйлейді. Әңгімелесу кезінде визуалдан айырмашылығы әңгімелесушінің көзіне қарамауы мүмкін. Әңгімелесушіге басым (доминантты) құлағымен бұрылып, сөзді тосады. Әңгімелесу процесінде әлдеқандай ойды бөліп көрсету маңызды болса, онда аудиал дауыстың қатты шығуын емес, интонацияны ауыстырады. Тыныс алу типі – ортаңғы. Ишараттары – жиналған, сирек, кеуде деңгейінде. Ишараттар ырғақ беру түрінде. Көбіне міңгірлейді. Мимикадан көзге түсетіні тек ауыз. Қимылдары ырғақты, сөздері өлшемді. Бір әңгімені, сол сөздерімен көп рет қайталауы мүмкін. ін бізге мұны түсіну қажет.
Тіл нормалары белгілі бір лингвистік ұғымның тіл дербестігін айқындаушы барлық сөйленіс тәжірибелері мен дағдыларының, ерекшелік белгілерінің жиынтығы. Табиғи болмысы тұрақтылыққа, бір қалыпты орнықтылыққа негізделе тұрып, ол әр түрлі себептіліктерге сай ішкі өзгерістерді дебатынан кешіреді. Өйткені, бұның өзі әлеуметтік құбылыс болып табылатын тілдің әрі жасаушысы, әрі тұтынушысы - адамзат қоғамының үздіксіз өзгеріп, өсіп дамып отыру заңдылығымен тікелей байланысты. Тіл нормаларының осы біршама икемшілдігі нәтижесінде сөйленіс машықтарының қайсыбір тәсілдері белгілі бір замана сәттерінде ез біреге илігінен айрылып, жарыспалы жаңа мүмкіндіктермен молығады. Басқаша айтқанда, ежелгі норма әлі өз күшін жоймай тұрып-ақ, жаңа норманың нышандары «сөз жұмсау» қажеттілігіне айнала бастайды. Сөйтіп, тілде жарыстас сөздер, мәндес тіркестер, әртүрлі нұсқадағы қолданыстар пайда болады. Олардың өміршең, ұтымды түрлері уақыт талабына ілесіп, тіл ағымын бойлап кете береді, ал белсенділік таныта алмағандары бірте-бірте бәсеңсіп, тіл қазынасының бұйығы қорын жасаушы тарихаят дүниеліктерге айналады. Бірақ, кезеңі келгенде олардың қайта серпіліп, қарым-қатынастың өткір де өтімді кұрамына айналып кетуі әбден ықтимал.
Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі.
Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес.
Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д е б и т і л д е (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады.
“Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бі-рімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиеттің қалып-тасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тен-денциясы әсер етті”.
Фольклордың жазба әдебиетке, оның қалыптасуына тигізетін ықпалы туралы 3. Кедрина: “Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмірге бейімділігі соншалықты, ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары: орыс армиясының офицері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865); қазақ мектебінің бірінші оқу-лығы мен хрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжіри-бесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсариннің (1841 —1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың (1845— 1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей-ақ сол табиғи қалпында енді,— дейді.
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — -Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті фөмаларыи ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.
Синтагма (біртұтас құрастырылған) — синтаксистік біртұтас қатынасты білдіретін интонациялық-мағыналық бірлік, анықтауыш-анықталушы түріндегі қос мүшелі Құрылым. Мұндай құрылым жеке сөздер мен морфемалардан (от-оғасы, орын-басар, қол-ғанат, жылкы-шы, ескерт-кіш), сөз тіркесгерінен (королы қой, шапқан сайын), паузамен шектелген кез келген фразалар (Адам ауыр науқас уетінде/бұл дуниеден гөрі о дүниені/көбірек ойлайтын әдеті ғой (Қ, Жумаділов).
Кідіріс - сұрату жасалғаннан бастап оның орындалуына (қанағаттандырылуына) дейінгі өткен уақыт; процестің тоқтап түру уақыты; программалау тілдерінде келесі оператор дың орындалуын тоқтата түру үшін қолданылатын процедура. Мысалы, Паскаль тілінде DELAY(n) процедурасы п миллисекундқа тоқтатады.