Аудиалдар туралы

Аудиалдар басқа адамдардың дауыстарын жақсы көшіреді. Аудиал монотонды, ырғақты, дауысын жоғары етпей сөйлейді. Әңгімелесу кезінде визуалдан айырмашылығы әңгімелесушінің көзіне қарамауы мүмкін. Әңгімелесушіге басым (доминантты) құлағымен бұрылып, сөзді тосады. Әңгімелесу процесінде әлдеқандай ойды бөліп көрсету маңызды болса, онда аудиал дауыстың қатты шығуын емес, интонацияны ауыстырады. Тыныс алу типі – ортаңғы. Ишараттары – жиналған, сирек, кеуде деңгейінде. Ишараттар ырғақ беру түрінде. Көбіне міңгірлейді. Мимикадан көзге түсетіні тек ауыз. Қимылдары ырғақты, сөздері өлшемді. Бір әңгімені, сол сөздерімен көп рет қайталауы мүмкін. ін бізге мұны түсіну қажет.