Орфоэпия туралы

Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.