Әдеби тіл дегеніміз не?
Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес.
Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д е б и т і л д е (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады.
“Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бі-рімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиеттің қалып-тасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тен-денциясы әсер етті”.
Фольклордың жазба әдебиетке, оның қалыптасуына тигізетін ықпалы туралы 3. Кедрина: “Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмірге бейімділігі соншалықты, ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары: орыс армиясының офицері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865); қазақ мектебінің бірінші оқу-лығы мен хрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжіри-бесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсариннің (1841 —1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың (1845— 1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей-ақ сол табиғи қалпында енді,— дейді.