Жанат Тінбаев өмірбаяны

Жанат Тінбаев (Тинбаев) - актер, 25 ақпан 1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында дүниеге келген. 2001-2004 жылдары Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының театр бөлімінде тәлім алған. 2005-2010 жылдары «Ақсарай» мюзикл театрының актерлік құрамында қызмет атқарған. 2010 жылдың соңында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданды. Үйленген. Бір қыз, бір ұлы бар.

Сахнадағы негізгі рөлдері
«Ақсарай» мюзикл театрында:
Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Базарбай;
Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында» Президент /реж.Б.Атабаев/;
«Мен сенің қарсы даңқыңмын» қойылымында Бекжан;
«Махаббат аралында» орманшы рөлін сомдаған.

М.Әуезов театрында:
М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Сергей (реж.О.Кенебаев), С.Асылбекұлының «Империядағы» кеш» драмасында Берікбол (реж. А.Кәкішева), М.Кәрімнің «Күнаһарында» Ялшығұл (ауд.Ә.Кекілбаев, реж. О.Кенебаев), М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Андрей (реж.О.Кенебаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» Жаңабай, Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Халитов (реж.Ә.Рахимов), Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұры» қойылымында шәкірт рөлін сомдаған(реж.Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан).

Фильмография:
2014 - "Ограбление по-казахски" (реж. Қайыржан Орынбеков)

Телехикаялар:
2013 - "Күн сақшылары" (реж. Санжар Сұлтанов)
2013 - "Өмір өткелдері" (реж. Нарын Ерлан)
2012-2013 - "Санжар мен Қайсар" (реж. Ахат Ибраев)
2012 - "Ғашық жүрек" (реж. Асқар Ұзабаев)
2010 - "Құрдастар" (реж. Ерлан Жұмабек)