Шәкәрім - Абай дәстүрін жалғастырушы екенін мысалдар арқылы

Шәкәрім - Абай дәстүрін жалғастырушы екенін мысалдар арқылы көрсетіңіз

Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп. Соның бірі Абайдың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық
Шәкәрім поэзиясы - өзінің көркемдік бар асылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытқан бай мұра. Абайдың реалистік дәстүрі – Шәкәрім шығар-маларының негізгі идеялық – көркемдік нысанасы. Шәкәрім өзінің ізгі ойларын, халқына деген ақ, адал көңілін өлеңмен өрнектеген ақын. Қай тақырыпты жырласа да, ол Абайдың гуманистік идеясы үлгісінде, реалистік тәсілмен жеткізуге күш салады. Ағартушылықтың бірден – бір жолы халықтың санасын ояту деп түсінеді. Сондықтан да ақын адамгершілік имандылық ар-ождан, ақыл мен іс істеу, адалдық әділдік, бірлік, еңбек, өнер - ғылымдарды насихаттау мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Шәкәрімнің ұстазы Абай жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Шәкәрім де осы дәстүрді жалғастырды. Шәкәрім Құдайбердіұлы - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны. Ол - сондай-ақ, прозашы, аудармашы, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін "Шаһкәрім" деп те көрсетеді. Туған жері - қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктері. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.