Ұлттық жазба әдеби тіл туралы ғалымдардың көзқарасы?
Ұлттық жазба әдеби тіл туралы ғалымдардың көзқарасы?
Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен (ХVІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды (Қ. Жұмағалиев, М. Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қазақ әдеби тілінің тарихын XIX ғасыр екінші жартысынан-алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ыбырай, Абай шығармапарымен ұштастыра қарайды (Қ. Жұбанов. С. Аманжолов, I. Кеңесбаев т. б.). Кейбір зерттеулерде XIX ғасыр екінші жартысын әдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасу дәуірі ретінде қаралып, көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады (А. Ысқақов, Р. Сыздықова.). Әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын мағынасандағы әдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де тұжырым бар (Т. Қордабаев). Әдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра қарайтын дәстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р. Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де бар (Ә. Өмірәлиев, Е. Жұбанов).