Чве Мин Хо (Choi Min Ho)

Есімі: Чой Мин Хо / Чве Мин Хо / Choi Min Ho /최민호
Лақап аты: Flaming Charisma Minho, Froggy, Minjung, Prince Minho
Мамандығы: әнші, актер, модель, жүргізуші
Туған күні: 9 желтоқсан 1991 жыл
Туған жері: Оңтүстік Корея, Инчхон
Бойы: 184 см
Салмағы: 70 кг
Жұлдызы: Мерген
Қан тобы: В (ІІІ)
Отбасы: әкесі – футбол жаттықтырушысы Чой Юн Гем, анасы, ағасы Чой Мин Сок
Хоббиі: футбол, баскетбол
Агенттігі: SM Entertainment
Тілдері: корей, жапон, қытай, ағылшын
Ән салатын тобы: SHINee
Топтағы орны: рэпер
Білімі: Konkuk University

Минхо Шайни мүшелерінің ішіндегі ең тартымдысы болып таңдалды. Оның мөлдіреген көз жанары адамды еріксіз өзіне тартады. Сол себепті адамдар оны ең алғаш көргенде қатты таң қалады. Егер экранға қарап оны көрікті деп айтатын болсақ, жақыннан одан да сұлу деуге болар еді. Шайнилықтардың ішіндегі ең момын, көп сөйлемейтіні де Минхо. Әдетте, сұхбат бергенде Минхо ештеңе айтпайды, ал сөйлесе дауысы ақырын шығады.
Бұл жігіт спорт ауылынан да алшақ емес, жетістіктерін «Dream Team» шоуынан тамашалауға болады. Спорттағы жетістіктері үшін Минхо ең спорттық айдол (самый спортивный айдол) ретінде танылды.
Минхоның өзіне тән ерекше даусы бар. Және де оның рэп оқу өнерін айтпай кетуге болмас. Шайни өлеңдеріндегі көптеген рэп-партиялардың авторы Минхоның өзі болып табылады.
Минхо үшін ең қымбат нәрсе – Шайни тобының альбомы. Оның айтуынша, Шайнидың дебют жасаған жылдары оның өміріндегі ең бақытты сәттері. Тіпті, әлі күнге дейін сахнаға шығар алдында оның жүрегі дүрсілдейді.
Өзінің ғажайып сұлулығының және бойшаңдығының арқасында сән саласында да көзге түспей қоймады. Шайни дебют жасағанға дейін ол Ха Сан Бэктің (Ha Sang Baek) сән көрсетілімінде модель болды. Кейінірек ол кез келген сән көрсетуші армандаған бір мүмкіндікке қол жеткізді. Атақты дизайнер Андре Кимнің сән көрсетілімінде басты модель болды. Оның серіктесі Пак Бо Ен болды. Одан кейін де Ха Сан Бэктің тағы да екі сән көрсетілімінде өзінің тамаша сәнгерлік қабілетін танытты.
2008 жылы топтың бір мүшесі Кимен бірге «The Aura» атты үшінші халықаралық видео-фестивальде елші болды. 2010 жылы Конкук университетінің елшісі болып тағайындалды.
2010 жылы 10 ақпанда орта мектепті бітірді. Тест тапсырып, 2010 жылы Конкук университетінің кино мамандығының сырттай бөліміне оқуға қабылданды.
2010 жылы наурыз айында «Let's Go Dream Team! (2-маусым)» шоуының түсірілімі барысында жарақат алды. Әрі қарай түсірілімнен бас тартуға мәжбүр болғандықтан, Шайнидің тағы бір мүшесі Тэмин Минхоның орнын алмастырды.
2010 жылы 20 қарашада «Пианист» фильмінде актер ретінде дебют жасады. Минхо керемет дарынды, бірақ кедейлігінің кесірінен музыкалық білім ала алмайтын О Чжеро атты жас жігіттің рөлінде ойнайды. Ол жылдар бойы күйсандық жасайтын зауытта ауру әкесінің орнына жұмыс жасауға мәжбүр болады. Бір күні Чжеро өзі секілді кедейлігінің кесірінен күйсандықшы болу арманынан бас тартуға тура келген, жалпы білім беретін мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып істейтін Юн Ин Саны кездестіреді.
Екеуінің тағдырларын байланыстырған жалғыз-ақ нәрсе – күйсандық.
2011 жылы 7 желтоқсанда Минхоның «Salamander Guru and the Shadows» (Гуру Саламандер и теневая операция) ситкомындағы жаңа рөлі белгілі болды. Мұнда ол Мин Хек атты данышпан хакердің рөлінде ойнайды.
2012 жылы 26 сәуірде «Hana Kimi» дорамасының «To the Beautiful You» (Для тебя во всем цвету) атты корейлік нұсқасына басты рөлге тағайындалды. Осы жолы оның кейіпкері – биіктікке секірудің алтын медаль иегері, бірақ, жарақат алуына байланысты секіруін тоқтатқан Кан Тэ Чжун болды. Бұл рөліне дайындалу үшін Минхо бұрынғы биіктікке секіруші атлет, қазіргі жаттықтырушы Ким Тэенмен бірге бір жарым ай бойы арнайы жаттықты. Қазіргі уақытта Минхоның жеке рекорды 175 см жетті.
2013 жылы Минхоның «Медицина данышпандары» (Гении медицины / Медицинская топ команда / Medical Top Team) телехикаясында ойнайтыны белгілі болды. Хикая әрқайсысы өз ісінің маманы болып табылатын дәрігерлер тобы жайлы. Бұл телехикая көрермендерге күнделікті аурухана өмірінен сыр шертеді және билік үшін күресті баяндайды.

Дорамалары:
2013 - Medical Top Team / Медицинская топ команда
2012 – To the Beautiful You / Для тебя во всём цвету
2012 – Salamander Guru and the Shadows / Гуру Саламандер и теневая операция

Фильм:
2012 – I AM
2010 – Pianist / Пианист

ТВ-шоу:
2008 - Shinee's Yunhanam
2010 - Shinee's Hello Baby / Сәлем, Балақай! Шайнимен бірге / Привет, Малыш!
2009 - Invincible Youth
2009 - 2011 - Let's Go Dream Team! Season 2
2010 - 2011 - 100 Points out of 100
2012 - Running Man / Бегущий человек (75 эпизод)

Жүргізуші:
2009 - Flower Boys Generation
2011 - 2012 - Show! Music Core
2011 - Hallyu Dream Concert
2011 - New York Korea Festival
2011 - Show Show Show
2011 - Music Bank (2 және 9 желтоқсан)

Жетістіктері:
2010 - SBS Entertainment Awards: Variety New Star Award
2011 - Honorary Ambassador for Youth 2011
2011 - Best Male Idol as Model
2012 - MBC "Idol Star Olympics" - бег с барьерами (110 м)