Шәкәрім тілінде кездесетін қандай туыстық атауларын ерекше
Шәкәрім тілінде кездесетін қандай туыстық атауларын ерекше атауға болады?
Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкерімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау.