«Шәкәрім тіліндегі диалектілік ерекшеліктер»
«Шәкәрім тіліндегі диалектілік ерекшеліктер»
Диалект (гр. διάλεκτος - говор, сөйленіс) — белгілі бір аймақ, облыс тұрғындары қолданатын тіл ерекшеліктері бар халық тілінің бөлігі. Диалект халық тілінің құрамына кіре отырып, өзіне тән лексикалық, дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктерге ие болады. Ұлттардың қалыптасу кезенінде ұлт тілдерінің негізіне жатуы мүмкін. Адамдардың аз ғана тобы қолданатын, жеке тіл дәрежесінде дами алмайтын жаргондардан Диалектті айыра білу қажет. Әдеби тіл мен Диалекттің өзара қарым-қатынасы өте күрделі. Әдеби тіл Диалектке эсер ете отырып, өзі де олардың есебінен байып отырады.
Негізгі тілдік ерекшеліктері бірынғай говорлардың жиынтығы. "Диалект" термині "говор", "говорлар тобы" және "наречие" мағыналарында да қолданылады.
Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.
Диалектизмнің бірнеше түрі бар:
Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);
Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, бұйрық райлы етістіктің көпше I жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;
Лексикалық диалектизмдер:
бойлай (унемі д. м.),бейсаубет (бет алды),жарын (келер жыл),рабайда (анда-санда),кун баю (кун бату),таға (нағашы),ашық-машық (топса).
Шәкәрім - өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Төңкеріске дейін, яғни 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан Шәкәрімнің «Қазақ айнасы», «Қалқаман - Мамыр», «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Еңлік - Кебек» атты кітаптары жарыққа шығады. Ақынның жекелеген шығармалары сол кездегі қазақ баспасөзінде жарияланды. Шәкәрімнің Физулиден аударған «Ләйлі – Мәжнүн» дастаны Ташкенттегі «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды. Одан кейін бұл поэма С.Сейфуллиннің бастыруымен 1935 жылы Алматыда «Ләйлі – Мәжнүн» деген атпен жарияланды. А.С.Пушкиннен аударған «Дубровский» әңгімесі жеке кітап болып басылды. Бұл әңгіме 1935 жылы орыс ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы өлеңдерінің жинағына енді. А.С.Пушкиннің Шәкәрім аударған «Боранын» Б.Кенжебаев 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 2-ші санында жариялады. Ақынның бір топ өлеңдері 1978 жылы Ленинградта шыққан М.Мағауин құрастырған «Поэты Казахстана» жинағында жарияланды.
Осындай мол мұра қалдырған Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы көркемдік құралдарды қолдану амал-тәсілдері жағынан талдауды қажет етеді.
«Ақын ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері – поэзияда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты құпия, күрделі тоқылуға бейімдеді. Сондықтан да өлең-жырларында қисынды логикалық сөйлемдермен қатар, әдеттен, дағдыдан тыс мағыналық жағынан түсінуге ауыр сөйлемдер мен сөздер, символикалар, жұмбақ аллюзиялар мен метафоралық мәні ала-бөтен сөз-образдар шаш етектен», - дейді С.Негимов Сондықтан Шәкәрімнің сөз қолданысындағы көркемдік шеберлігін зерттеу жұмысымыздың басты нысанасы болмақ.
Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлттық поэзия тарихындағы орны ерекше. Ақынның әдеби мұрасы соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде. Дегенмен, Ш.Құдайбердіұлының поэзиялық шығармаларында көркемдегіш-суреттегіш құралдардың қолданылуына, көркемдік шеберлігіне қажетті деңгейде барынша назар аудару, зерттеу, тексеру – қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесі.
Шәкәрім шығармаларындағы образдық-метафоралық ерекшелік пен құрылымын талдап тексеруді – негіз етіп алдық. Қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларды жырлауда Шәкәрім өзіндік ерекшелік танытады. Ұлы Абай бастаған топтың бел ортасында тұрған ақын – Абай дәстүрін жалғастырушы әрі жаңғыртушы, сондықтан да шығармашылық жолдағы ізденіс үстіндегі, өлеңдеріндегі бейнелілік-көркемдік сонылық танытады. Диссертациялық жұмыста Шәкәрім шығармаларындағы бейнелілік сырлары мен көркемдік тәсілдері таразыланды.
Ш.Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымының бүгінгі күнге дейінгі зерттелу деңгейіне арнайы тоқтала отырып, пайымдалғаны көрсетілді. Белгілі ғалымдар мен қаламгерлердің ат салысуымен ақынның өмірі мен шығармашылық жолына, әдебиеттану ғылымында алатын орны туралы ауқымды еңбектер жазылды. Дегенмен ақын поэзиясының көркемдік құрылымы негізінде сөз қолдану амал-тәсілдері мен көркемдегіш құралдарды пайдалану деңгейінде жүйелі қарастырылған зерттеу еңбектері әлі де көріне қойған жоқ.
Шәкәрім шығармаларында кездесетін тіліміздің образдық, суретшілдік, өлең өрнегінің түрленіп құбылуы, ақынның тілдің көркемдегіш құралдар қызметін жете түсініп, көркемдеп, әсерлі, жетік, мәнерлі қолдана білуі жеке зерттеуді, көп ізденісті қажет етеді.
Осы жоғарыда аталған мәселелер аясында зерттеу жасай отырып, алдымызға қоятын мақсатымыз: Шәкәрім шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен ақын шығармаларында көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін саралау. Сол көркемдегіш құралдар арқылы өлең өрнектерінің түрленуінде өзі өмір сүрген орта мен қоғамның сипатын әсерлі бейнелей білуіне көз жеткізу. Шәкәрімнің ақындық даналығы мен даралығын белгілейтін, поэзиясының көркемдігі мен суреттілік сырларының тереңдігін, рухани байлығын, қиялының ұшқырлығын, қабылдау қабілетінің жоғары екендігін дәлелдейтін осынау күрделі құбылыстардың шығармаларында керемет көрініс тауып, өзіндік бағыт-бағдар алуы мен көркемдік нақыстар туғызуына негіз болғандығын байқадық. Сондықтан зерттеу барысында алдымызға мынандай мақсат, міндеттер қойылды:
• дәстүрлі ақындық шеберліктің ақын шығармаларында көрінуі, көне үлгілердің жаңарып, жаңғыруы;
• өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі, алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік, образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері;
• образдық-бейнелілік жүйесіндегі жаңалықты құбылыс, күрделі абстракциялық тілі, сөздердің сымбат-көркін ашуы;
• шығармаларының стилистикасы, сөздік құрамы, фразеологизмдер, поэзиялық синтаксисі, әуендік ерекшеліктері;
• шығармаларындағы көркемдік компоненттер үйлесімі, олардың бір-бірімен өзектес құбылыстар екендігі;
• ақын шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктердің, түрлі сөз қолданыстарының табиғат, қоғам, жеке адам өмірін сипаттауда алатын орны.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып Шәкәрім шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың қолданылуы. Тілді байытар, көркем шығарманы шырайландырар тәсілдер ұшан-теңіз. Сол амал-тәсілдердің, тілдік-көркемдегіш құралдардың Шәкәрім шығармаларында қолданылуы, ақынның сөз құбылту, түрлендіру, суреткерлік шеберлігі алғаш рет зерттеу нысанына алынып отыр.
Жұмыстың зерттелу көзі – ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігін, сөз өрнектерін талдау болмақ.
Шәкәрім ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының өміріндегі оқиғаларға, қоғамдық құбылыстарға қызу үн қосты.
Өрісі кең, өресі биік, толғауы терең өз замандастарынан озық тұрған Шәкәрім өзі пайымдаған тарих тағылымын келер ұрпаққа қазақы рух арқылы жеткізуге саналы түрде барады. Бұл – ақынның бір ерекшелігі болмақ. Осы ерекшелік оның көркемдік дүниетанымының дұрыс қалыптасуына көмектесті. Сондықтан да Шәкәрім терең білім, көп оқу-ізденіспен құбылыс пен болмыстың барша сырын жан-жақты қарастыру арқылы біліктілік аясын кеңейтті. Кеңейтіп қана қойған жоқ, өзінше пайымдау жасады, сол парасат-пайымды өзінше саралады, көркемдеп, әсірелеп айтуға тырысты. Шығармаларына өзгеше сипат, әсем суреттеу, көрнекті көркемдік берді. Қоғамдық құбылыстарды, әлеуметтік-саяси жағдайларды шұрайлы тілмен, көркем сөзбен дұрыс қорытынды жасай алатын саналылыққа жетті.
Зерттеу барысында Шәкәрім шығармалары бойынша 2145 (екі мың бір жүз қырық бес) картотека жиналды. Мысалдардың барлығы дерлік ақынның Алматыдағы «Жазушы» баспасынан 1988 жылы жарық көрген «Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары» (өлеңдер, дастандар, қара сөздер) кітабынан алынды. «Жолсыз жаза», «Қазақ айнасы» жинақтарымен салыстырылды.
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысанына «Шығармалар жинағы» (1988), «Жолсыз жаза» (1988), «Қазақ айнасы» (2003), «Иманым» (2000), «Үш анық» (1991) еңбектері алынды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы сан қырлы, күрделі құбылыс, сондықтан да жұмыстың ең негізгі нысанасы ақын поэзиясында көркемдегіш құралдардың (троптардың) қолданылу ерекшеліктері мен лексико-грамматикалық байланысы қарастырылады.