Философиялық лирика — тақырыптық-мазмұндық жағынан, лирикалық поэзияның азаматтық лирика, көңіл күй лирикасы, саяси лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, әлеуметтік лирика деген сияқты дараланған жанрлық түрі. Оны лириканың басқа жанрлық түрлерінен «сыршылдықтан ойшылдығы басым, философиялық сарыны күшті» болуы мен «ғалам сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағын» тануға ұмтылысы дараландырып тұр. Яғни, ойшылдық, басқаша айтқанда, танымдық аспектісі дараланған, поэзияда осы танымдық бейнеленіп берілген. Шәкәрімнің осы бағыттағы өлеңдерін қай ғылым саласы қарастырмасын жанрлық табиғаты жағынан фи¬лософиялық лирика деп тануы шындықка жанасымды.
Философиялық лирика — көркем философия мен сопылық поэзияның және өнер философиясының да объектісі. Діннің де, философияның да, басқаның да бастауына сөз өнері (миф, т.б.) тұрғаны туралы ғылымда неше мәрте айтылған. Философиялық лирика көпқабатты (көркемдік, эстетикалық, танымдық, діни аспектісі астасқан) жанр. Шәкәрімнің философиялық лирикасы жанр болғанда – сыр сөз, хикмет, трактатқа тән сенім мен танымның негізін бойына жиған барлықты (болмысты) көркемдік шындық арқылы бейнелеп келе жатқан және ұлттық – адамзаттық құндылықтар жүйесіне негізделген қазақ сөз өнеріндегі метажанр. Мұнда танымға сенім үндескен. ”Өзіңді өзің таны” дейтін антропологиялық философияның концепциясы мен ”Өзіңді өзің танысаң, Жаратушыңды да танисың” Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар хадисінің шынайылығы, Құран Кәрімнен бастау алар ислам санасы, ізгілік жолы Шәкәрім шығармашылығында ерекше көрініс тапқан. Жаратушының барлығы және мәңгілігі туралы идея, дүниенің тұтастығы мен антропологизм, адамның тұлға ретіндегі құндылығы ақын Шәкәрімнің философиялық лирикасында кең өріске шыққан. Шәкәрім шығармаларында автобиографиялық жад аса қуатты, онда өткен өмір тізбектеліп айтылмайды, одан ақиқатқа бастайтын даналық ой қорытылады.