Ерте-ерте, ертеде...
Сіңілілерімді ұйықтатайын деп жатқызып, кітапшадан ертегі оқып берейін десем, жасы кішісі: "Мақпал тәте, сіз жарықты өшіріп, көрмей айтып бере аласыз ба?"-дейді. Өзің білетін ертегіңізді, не ойдан құрап ертегі айтып беріңізші дегені екен. Сөйтсем.... иә, дәл таптың, дос! Мен ешқандай ертегіні бас -аяқ білмейді екенмін. (Сен ше?) Ойша құрауға тура келді. бірақ ол ертегіні кезінде мен де тыңдамас ем аса. Балалықтан баяғыдаааа кеткендігім, тым "реальный" өмір сүретіндігім, тіпті қатал әрі қызықсыз болып кеткендігім байқалып қалды... Достар, осы жайт сеп болып, ертегі құрап жүруді ойладым. Қане, бірге құрап көрелік...
(Көп ертегі осылай басталады емес пе) Ерте-ерте, ертеде, жер атты кішкентай ғаламшарда бір ғажайып ел болыпты.Ол елдің табиғатын суреттеп жеткізу мүмкін емес! Ол жердің кереметтігі кітаптарда суреттелетін дәл жұмақтың өзіндей болатын. Ал, сол елдің адамдары... (қане, кеттік, қиял әлеміне, достар!)
негизи баска категорияга тусип кетипсиз
ол ғаламшарда Пелетроптар мен Роналдофобустар өмір сурмеді ма екен?
МЕССиМЭНдер!