Кішкене көңіл көтере отырайық. Массагеттік "Өтірік өлең"

Керім екен қамшысы,
Жарқырайды ақықтай.
Астындағы атының
Көз жанары барқыттай ))

Массагеттік арулар,
Тәнті болып Ардаққа.
Көбелектей түндегі,
Ұмтылуда "жарыққа".
Таласам деп "батырға",
Құлап жатыр арыққа.
Ардақ болса саспастан,
дейді: "Арулар, қорықпа,
Айды барлап келетін,
Барам кетіп жорыққа.
Үй сап онда қайтамын,
"Қонамын" да бір "портқа",
Сосын, қыздар, бәріңді,
Әкетемін "курортқа"..."
Сеніп оның сөзіне,
Қыздар қалды жер құшып,
Мініп алып масаға
Ардақ кетті айға ұшып...(қалай? бола ма?)) )
아름다운 !!! ;) :D