Кәдірбек (Қадырбек) Демесінов
ДЕМЕСІНОВ Кәдірбек Төлеуұлы 1952 жылы 5 наурызда Алматы облысы, Ақсу ауданы Үлгі ауылында дүниеге келген. Қазақстандық актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996). Қазақ өнер академиясын бітірген (1973). 1973 жылдан Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында өнер көрсетеді. Демесінов қазақ теледидарындағы “Алтыбақан”, “Қымызхана”, “Әлем ертегілері”, т.б. драмалық қойылымдарға, “Тамаша” ойын-сауық хабарына түсіп, Қазақ радиосында “Көреген”, “Жұмбақбай атайдың ертегісі”, “Тапқышбек”, т.б. қойылымдарды жүргізді. 300-ден аса фильмдер мен мультфильмдерді қазақ тіліне дубляж жасауға қатысқан. Үйленген. Жұбайы - Демесін Қатира, мейірбике. Қыздары - Алуа (1984 жылы туған), Әлия (1986 жылы туған).
Театрдағы рөлдері:
Қ.Сатыбалдин “Ұзақ жол” Асан (1973; реж. Б.Пұсырманов)
Б.Майлин “Шұға” (реж. Е.Обаев) бай баласы.
С. Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар» (Адъютант)
Б. Мұқай «Қош бол, менің ертегім» (Мұрат)
С. Жүнісов «Жаралы гүлдер» (Бақыт)
Т. Ахтанов «Әке мен бала» (Марат)
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты» (Шәкірт)
М. Ахманов «Алдардың айласы» (Алдар)
Е. Аманшаев «1001 түн» (Әбілхасан)
Б. Сейітмамытұлы «Сағым қуғандар» (ауыл тұрғыны) және т.б.
Фильмография:
2014 - "Кемпір"
Телехикаялар
2009 - "Откройте дверь - я счастье!" (реж. Вячеслав Матухин)
2011 - "Болашақ" (реж. Серікбол Өтепбергенов)
2011 - "Айналайын" (реж. Болат Қалымбетов, Серікбол Өтепбергенов, Қанағат Мустафин, Қымбат Тлеуова)
2013 - "Тракторшының махаббаты" (реж. Асқар Ұзабаев)