Гүлжан Қалыбаева биография

Гүлжан Биболқызы Қалыбаева Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әкесі Бибол Қалыбаев мамандығы бойынша биолог қызын Алматыға алып келіп, туыстарының үйінде қонақ болып жатқанда Гүлжан туыс сіңлісімен хореографиялық училищеге ілесіп барады. Селезнев атындағы хореографиялық училищеге сіңлісі емес, Гүлжан қабылданады. 4 сыныпта оқып жүргенде 9 жасар Гүлжан Қалыбаеваны Лаврентий Сонның «Сани в гору и под гору» атты қысқаметражды фильміне түсуге шақырады. Селезнев атындағы хореографиялық училищені 1987 жылы "Балет бишісі" мамандығымен тәмамдайды. Училищені бітірген соң Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, Тілектес Мейрамов пен Шолпан Жандарбековалардың жетекшілігімен "актерлік шеберлік" мамандығы бойынша бітіріп шығады. Кейін Әзербайжан Мәмбетовтың шақыртуымен М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрына актриса болып қабылданады. Онда 1992-1993 жылдар аралығында еңбек етіп, кейін "Тамаша" ойын-сауық театрына ауысады. Көп жылдар бойы осы шаңырақ астында өнер көрсетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірін гастрольдік сапармен аралаған. "Тамаша" ойын-сауық театрында ойнап жүріп, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында да өнер көрсеткен, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында биден сабақ берген. 1996 жылы «Күлкі керуені» ойын-сауық театрын ашады. 2011 жылы режиссерлік қырынан танылып, «Әй, еркектер-ай» атты фильм түсіреді. Басты рөлді Берік Тұрсынбеков ойнаған.
Сегіз жасында әкесінен айрылған. Бір рет тұрмыста болған, жолдасы созылмалы дерттен қайтыс болған.

Театрдағы рөлдері:
"Қарагөз" - Қарагөз
«Қар ханшайымы» - Қарғагүл
«Ғасырдан да ұзақ түн» - Найман ана
"Тамаша" ойын-сауық театры
"Күлкі керуені" ойын-сауық театры - директор

Фильмография:
1990 - "Құс" (реж. Алишер Сүлейменов)
1998 - "Тауқымет/Намыс" (реж. Ұлжан Құлдауова)
2004 - "Шиза" (реж. Гульшад (Гука) Омарова)
2010 - «Соңғы махаббат» (реж. Сергей Азимов)
2009-2011 - "Әй, еркектер-ай" - режиссер
2011 - «Жерұйық» (реж. Сламбек Таукел)
2011 - "Гәкку" (реж. Ғазиз Насыров)
2011 - «Мент» (реж. Мақсат Оспанов, Медет Ильгедаев)
2011 - "Шуақты күндер" (реж. Нариман Туребаев)
2013 - "Сұлу бойжеткен" (мюзикл)

Телехикаялар:
2011 - "Құрдастар"
2012 - «...Үй болу қиын»
2012 - "Ғашық жүрек"
2013 - "Вузеры"
2013 - "Тракторшының махаббаты"

Өте өнерлі жұлдыз !!! :) Бірақ не екенін білмеймін бір жері ұнамайды.Сөйтсем даусы құлағыма бір түрлі жайсыз ба қалай енді даусы ұнамайды екен маған...Ал былай өте өнерлі актрисса танымал әрі.... ;) Көбіне жағымсыз кейіпкерлерді сомдайды және образға кіре отырып,шынайы орындап шығады..Табысы көпппппп шығар!!! :lol: Айтпақшы Ол жайлы интернетте сыбыстар тарап кетті...Естіген шығарсыздар... :shock: Сенерімді не сенбесімді білмей де қалдым..Осыдан соң оған деген актерлігіне деген сенімімнен айырылғандай болдым..Осы рас па екен???Интернеттегі жалпы сыбыстарды айтамын...Сіздер қалай ойлайсыздар...

Жаңагүл, қандай сыбыстар?