Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үрдісі.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі кезеңдері. Зерттеулер тұжырымдамасын әзірлеу. Мәселені айқындау. Маркетингтік зерттеулердің әдістемесін жоспаралу. Талдаулық моделдерді құру. Олардың нысаны. Маркетингтік зерттеулер әдістемесін жоспарлау. Маркетингтік зерттеулердің объектісін және пәнін айқындау. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары және жұмыс гипотезасын әзірлеу. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары: іздеу, сипаттаушы, себеп-салдарлық. Маркетингтік зерттеулердің релевантты сипаттамаларын бөліп көрсету және міндеттерін белгілеу. Маркетингтік зерттеу нәтежиелерінің тиімділігі ақпараттарды жинау нақты және дұрыс тұжырымдамаға байланысты.
Маркетингтік зерттеу тұжырымдамасы проблеманы нақты анықтаудан, зерттеу әдістемесі жоспарлаудан, аналитикалық моделдерді құрастырудан, зерттеу объектісі мен құралын анықтаудан, жұмыс гипотезасы мен мақсатын анқытаудан, релевантты сипаттамаларын бөлуден тұрады.
Маркетингтік зерттеу проблемасының идентификациясы маркетингтік зерттеудің бірінші кезеңінің негізгі пункті болып табылады. Проблема – бұл:
- шешуді қажет ететін күрделі сұрақ, кейбір жағдайлардың қарама-қайшылығы;
- нақты жағдайдың көзделген жағдайға сәйкес келмеуі;
- маркетингтік мақсаттарға жету жолындағы қарама-қайшылықтар.
Зерттеу әдістемесін жоспарлау. Маркетингтік зерттеу зерттеу жоспарын жүргізу және тұжырымдамасын жасаудың ғылыми-негізделуі мақсатында теориялық-әдістемелік базаларды пайдалануға негізделуі керек. Зерттеу әдістемесі келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:
1. тұжырымдаманы қалыптастыру және негізгі ауыспалыларды бөлу- проблемалы жағдайдың көзі болып табылатын, процестерді түсіну мен әдістемелік негізін қамтамасыз етеді.
2. негізгіауыспалыларды операциялау – маркетолог нақты жағдайды көрсететін теориялы негізделген ауыспалыларды қолдана алады
3. маркетингтік зерттеу типін таңдау – теориялық себепті-салдарлы заңдылықтар маркетингтік зерттеудің себепті немесе дескриптивті типін таңдауға мүмкіндік береді.
4. Іріктемелі бақылау типін анықтау- әдістеме негізінде бас жиынтық, іріктеме, іріктеме бірлігі, іріктеме шегі, іріктеме типі мен әдісі