Маркетингтік зерттеулерді жоспарлау.
Маркетингтік зерттеулер жоспарларының жіктелуімен танысу. Маркетингтік зерттеулер типтеріне байланысты зерттеушілік дизайндар сипаттамасын анықтау
Маркетингтік зертту жоспары-маркетингтік зерттеу проблемаларын шешу немесе құрлымдау және қажетті ақпараттарды жинауға бағытталған зерттеу тұжырымдамасын жүзеге асырудың әдістері көрсетілген негізгі құжат. Оны жасау келесі бағыттар бойынша орындауға жауаптылар мен жұмысты орындаудың графигі, әдістері мен зерттеу техникасы, процедуралы шараларды тіркеуді қарастырады:
- зерттеу тұжырымдамасын анықтау;
- маркетингтік зерттеу типін таңдау-іздену, дескрептивті немесе каузалды (себепті-салдарды);
- өлшеу және шкалалау процедурасын анқытау;
- анкета жасау немесе сұрау арқылы ақпарат жинау;
- іріктеме және оның көлемін анықтау;
- далалық жұмыс пен мәліметтерді талдау жұмыстарының жоспарын жасау;
Маркетингтік зерттеу жоспарлары зерттеу дизайнына байланысты іздеу және қортынды болып бөлінеді. Іздестірушілік зерттеулер маркетингтік зерттеулердің проблемаларын түсінуге көмектесетін, ақпараттарды жинау және идеяларды туындатуға бағытталған. Ол нақты жұмыс гипотезін көрсететін проблемалардың кең және белгісіз тұжырымдамаларын шағын және нақты тұжырымдалған шағын проблемаларға бөлу үшін қолданады.
Қортынды зерттеулер нақұты жағдайдағы басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін іс-әрекеттің ең жақсы баламасын анықтауға, бағалауға және таңдауға бағытталған.
Суреттен көріп отырғанымыздай қортынды зерттеулер дескритивті және каузалды болып бөлінеді, ал біріншісі профилді және қайталанбалы болады.