Маркетингтік зерттеудегі ақпарат.
Маркетингтік ақпараттық жүйе. Маркетингтік ақпатраттық жүйенің қалыптасу тұжырымдамасы. Маркетингтік ақпараттық жүйелердің жіктелуі. Маркетингтік ақпараттық жүйені жобалау және оны құру алгоритмі. Ф.Котлердің ұсынған маркетингтік ақпараттық жүйесі және оның құрамдастары.
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі және оның бөлімшелері. Маркетингтік ақпарат жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы және шешім қабылдауды қолдау жүйесі.
Маркетингік ақпарттық жүйе-тиімді маркетингік шешім қабылдау үшін қолданылатын дұрыс сенімді ақпарттарды жоспарлы және күнделікті жинау, өңдеу, талдау, бағалау және бөлу үшін арналған әдістер мен процедуралардың жиынтығы.
Маркетингтік ақпарат жүйесінің қызмет ету тұжырымдамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін берілген қасиеттерімен ақпарттардан тұратын өзінің тәжірбие жүзінде жүзеге асуын 70 жылдардың басында алды, оның негізгі компоненттері кестеде көрсетілген. МАЖ жіктелуі:
1. қойылған мақсаттардың масштабына байланысты:
- толық - маркетингтің барлық аласын қамтиды;
- бөлшектелген – маркетингтік зерттеулердің жеке салаларын қамтиды.
2. шешілетін міндеттердің сипатына байланысты:
- құжатталған - әртүрлі көздерден екінші реттік ақпараттарды жинайды;
- қосымша – белгілі бір уақыт аралығында қолданушыға анықтама бере отырып, тапсырылған көрсеткіштерді тексеру және анықтама дайындауға бағытталған;
МАЖ жобалау әртүрлі варианттарда жүзеге асырылуы мүмкін. Вариантты таңдау шаруашылық субъектінің қызметі мен тәжірбиесіне, оның қаржылық, еңбек және уақытша ресурстарына, әрекет етуші маркетингтік ортасының күрделілігі мен динамикасына байланысты болады.
МАЖ жобалау кезінде келесі шарттарды ескеру керек:
- құру мақсаты-қол жеткізу керек нәтежие; стратегиялық және тактикалық басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпарттардың құрамы мен сипаты;
- ақпараттарды жинау және өңдеу кезінде қолданылатын процестердің мазмұны мен ерекшелігі;
- жоспарлаудың мүмкін болар проблемалары-ақпаратқа деген қажеттілікті және оны алу мүмкіндігін алдын ала ұсыну керек;
- ұйымдастырушылық мәселелер- кім, қашан, кім үшін, нені, қандай көлемде және ақпараттық ағымға қалай қатысу керектігін анықтау керек.
Маркетингтік ақпарат жүйесінің дәстүрлі моделі болып жүзеге асатын міндеттер мен ақпарат көздерінің түрлері бойынша ақпараттарды жинаудың құрлымдық процесін топшалайтын Филипп Котлердің моделі болып табылады.
МАЖ Ф.Котлер моделі 4 шағын жүйеден тұрады:
1 Ішкі есеп берудің шағын жүйесі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасында болып жатырған жағдайлар туралы дұрыс, ағымдағы ақпараттарды уақытында, жоспарлы, күнделікті жинауға арналған процедуралар мен әдістер жиынтығы.
Ішкі есеп берудің шағын жүйесі ақпаратпен қамту негізінде шаруашылық субъектінің өнімді ұсынуын реттеуге мүмкіндік береді. Ішкі есеп беру шағын жүйесіне шаруашылық субъектінің мынадай көрсеткіштерін жатқызуға болады: ағымдағы өтім, шығындар соммасы, материалды запастар көлемі, ақша қаражатының қозғалысы, кредиторлық және дебитролық бережақ туралы мәліметтер және т.б.
2.Сыртқы ағымдағы маркетингтік ақпараттарды жинаудың шағын жүйесі- шаруашылық субъектінің сыртқы ортасында болып жатырған жағдайлар туралы дұрыс, ағымдағы ақпараттарды уақытында, жоспарлы, күнделікті жинауға арналған процедуралар мен әдістер жиынтығы. Бұл шағын жүйе « маркетингтік бақылау немесе «маркетингтік барлау» синоним-атауына ие.
Сыртқы қоршаған орта туралы ағымдағы ақпараттарды жинау үшін шаруашылық субъектілер ресми және бейресми процедураларды пайдаланады. Сыртқы ақпараттар маркетинг жоспарын жасау және түзету үшін қолднады.
3. маркетингтік зерттеулер шағын жүйесі-шаруашылық субъектінің маркетингтік проблемаларын шешу үшін бірнші реттік ақпараттарды күнделікті жоспарлы жинауға арналаған әрекет етуші процедуралар мен әдістер жиынтығы.
Шаруашылық субъектілер маркетингтік зерттеулерді бірінші реттік ақпараттарды жинаудың негізгі әдістері-сұрау, бақылау және экспериментті пайдалана отырып әртүрлі бағыттар бойынша жеке маркетинг бөлімі немесе тәуелсіз зерттеу ұйымдарын тарта отырып жүргізеді.
4. Маркетингтік ақпараттарды талдаудың шағын жүйесі- тиімді маркетингтік шешімдер қабылдау мен маркетингтік проблемаларды шешу үшін ақпараттарды қолдану мақсатында, оларды өңдеу, талдау, бағалауға арналған күнделікті әрекет етуші процедуралар мен әдістер жиынтығы.