Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары.
Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары мен жалпы сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулердің сыртық және ішкі бағыттары. Бағыттарына сәйкес маркетингтік зерттеулердің негізгі түрлері. Маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:
• сыртқы – маркетингтік макро ортаның факторларын (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік – мәдени), тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, жабдықтаушыларды, байланыс аудиторияларды зерттеуге бағытталған.
• ішкі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттейді (өндіріс, қаржы, НИОКР, маркетинг, ұйымдастырушылық құрылым мен менеджмент, персонал мен корпоративтік мәдениет).