Өндірістік құрылымы және басқару құрылымы, олардың фирма қыз

Өндірістік құрылымы және басқару құрылымы, олардың фирма қызметінің нәтижесіне әсер етуі.

Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Қандай жұмыста болмасын барлық басқарушылар сыртқы элементтерге мұқият көңіл бөліп, зер салуы тиіс. Негізінен менеджменттің сыртқы орталарының бес түрі белгілі. Олар: сыртқы экономикалық орта, сыртқы технологиялық орта, сыртқы әлеуметтік орта, сыртқы саяси орта және сыртқы этикалық орта.
Сыртқы экономикалық орта элементтеріне: капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша; жұмысшы күші; баға деңгейі; жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы; сатып алушылар жатады.
Сыртқы технологиялық орта. Дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүруі үшін технологияның соңғы жетістіктері жайлы хабардар болуы тиіс, өйткені оның өзі өндіріс процесі ретінде де, жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдалануы мүмкін. Технология өзгерген кезде, басты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де белгілі бір дәрежеде өзгеріп отырады.
Сыртқы әлеуметтік орта. Әлеуметтік орта топтағы адамдардың көзқарасына, тілек-ықыласына, интеллигенттілігі мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Әр адам белгілі бір әлеуметтік құрылыстың компоненті болып саналады. Жүздеген жылдар бойы әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенімдер қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмайды.
Бұлардың ең бастылары мыналар:
1. жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, сол мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
2. бизнеске сену және кәсіпорынның қожасы мен басшысын құрметтеу.
3. бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену.
4. адамдардың нәсіліне, діни сенімі мен нанымына қарамастан құрметтеу.
5. меншік иелігіндегі билеушіні, оның білімін және саяси орнын құрметтеу.
6. білімге сену және құрметтеу.
7. логикалық процестерге, ғылым мен техникаға сену.
8. болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына және эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.
Сыртқы саяси орта. Саяси орта әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Саяси орта, саяси және үкімет басшыларының заң шығарушы орталығы болып табылады. Әрбір ұйымдағы басшыны түрлі заңдар, қаулылар, әртүрлі комиссиялар, ресми жарлықтар, сот шешімдері шырмап алады. Барлық ұйымдағы басшылар әдетте шешім қабылдар алдында заң кеңесшілерімен ақылдасады.
Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі болып табылады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады. Бірақ заңдарда толық қарастырылмайды және толық қарастырылуы мүмкін емес. Көптеген салаларда этикалық талаптар жетілмегендіктен, заң жүзінде