Құрылымға қойылатын талаптар және оны анықтаушы факторлар.
Менеджмент қызметі - өндіріс процесіндегі адамның қарым-қатынасына және оны басқаруға ықпал жасау кезеңіндегі немесе бағыт анықтайтын ерекше іс-әрекет түрлері.
Менеджмент функциясын жіктелу белгілері есебі бойынша қарастыру қажет (басқарудың өзіндік процесінің негізгілері және өндіріс процесінің өзін), соған байланысты жалпы және нақты қызметтерді ажыратады. Жоспарлау – бұл басқару процесінің бір кезеңі. Бұл кезеңде іс-қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да заттар. Сонымен бірге нақты жағдайлардағы ең тиіс әдіс-тәсілдер жасалынады. Стратегиялық жоспарлау – басшы қабылдаған іс-әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, ұйымның болашақта тиімді, ұтымды жұмыс жасау мақсатын қамтамасыз етуге қажетті ресурстарды белгілеу, анықтау, алу, оларды үнемді бөлу. Индикативтік жоспар – бұл мемлекет экономикасының даму және қазіргі жағдайын сипаттайтын индикаторларды, басымдылықтарды, міндеттерді қалыптастыру процесі, сонымен бірге белгіленген нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттік ықпалды ұйымдастыру. Бизнес-жоспар – бұл фирманың, ұйымның белгілі уақыт аралығында даму бағытын айқындайтын құжат.
Бизнес-план 3 негізгі қызметті орындайды:
1) Кәсіпкердің белгілі уақыт аралығында нақты іс-қызмет нәтижесін бағалау құралы болып есептелінеді.
2) Болашақ бизнес консепциясын жасау үшін қолданылады
3) Қаражаттарды табу құралы.