Камшат Жолдыбаева биографиясы

Камшат Жолдыбаева 28 қаңтар 1988 жылы Маңғыстау өңірінің «Форт Шевченко» қаласында дүниеге келген. 9-сыныпты бітірген соң ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алған. Кейін өнер жолын қумақ ниетпен Алматы қаласына келіп, Қыздар педагогикалық университетінде «Ұйымдастырушы» мамандығын иеленген. 3-курста оқып жүргенде «Кешью» тобының құрамына қабылданған. Кейін Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының "Эстрада" факультетіне ауысқан. "Парыз", "Ғашық жүрек 2", "Тракторшының махаббаты" телехикаяларында, "Біржан Сал" фильмінде ойнаған.