Қандай жаман мінезіңіз бар?
Қандай мінезіңіз жаман? Соны өзіңіз мойындайсыз ба? Ол мінезіңізді түзеу үшін әлдебір әрекеттер жасап көрдіңіз бе?
өзімшілдігім, содан соң ашуланшақтығым. Ашуланған кезде оңайлықпен тоқтай алмаймын ((
Бар нәрседен астар іздеп тұратыным. Көңілім қалса ешқашан бұрылмайтыным. Қатты ашуланғанда қанша уақыт бойы аузымнан сөз шықпай еш сөйлемей қоятыным. Жөндеуге тырыспаппын.
аяқ астынан бұлқан-талқан боп ашуланам, сол кезде айналамдағыларға ауыр сөздер айтып қоятыным бар. сәл уақыт өткесін қатты өкінем(( тырысып бағып жүрмін мұнымды қоюға, бірақ қиындау екен. себебі ашуыңа тиген адамға ренішіңді айта алмай, іштен тынып ұзақ жүру ауыр соғады, ашуыңды сыртқа шығарғандағыдай тез ұмытыла қоймайды.
Бәрің нервная екенсіңдер ғой