31 арнада 2 жаңа телетоптама
Күннен күнге көздің жауын алатын салтанаты мен сәні келіскен Түрік телехикаяларының саны, сонымен бірге сапасы да артып, мазмұны да ерекшеленіп келеді. сондай ерекше телетоптамалар 31 арнада 4 қаңтар, яғни бүгіннен бастап, кешкісағат 20.00 мен 21:00-де эфирге шығады. Оның бірі "Мезгілсіз сезім" деп аталады. Мұнда Қазақстандықтарға "Фатмагүл" телехикаясынан жақсы таныс Берен Саат ойнайды.
Ал екінші атауы ерекше "Әке. Жер. Ғашық" атты телехикая тақырыбының сонылығымен де көрермендерді қызықтырады деп ойлаймыз... блогымда олар туралы таратып жазасмын. Ал, телехикаяны ұнатушылардан осы сериалдар туралы пікірлерін білгім келеді.
иә, тамаша кино! Оған жеке тақырып ашсақ та, артық болмас
Бір бітпейтін мылжың дүние болды сол. Қашан қосып қалсаң да, бір проблеманың айналысында мижи береді, әйтеуір.
Фильм режиссері Атилнанштың пікірінше, телехикаяның табысты болуы ең алдымен актерлар құрамымен байланысты. Селен Сойдер «Түркия Аруы 2007» атағының иегері. Ал, Бирче Аклай «Еуропа Аруы 2004» байқауының жеңімпазы. Сондықтан да, тұтас бір елдің ең сұлу арулары сомдаған рөлдерде қызықты болары сөзсіз.