"Жақсы әйел жаман ерін хан қылады"
"Жақсы әйел жаман ерін хан қылады" деген рас па?
Дегенмен, бұл мақалды біржақты түсінуге болмайды. Біріншіден, жақсы әйел жаман еріне хандай құрмет көрсетуі мүмкін. Мейлің, ол ері жақсы әйелін бағаламасын, ұрып-соқсын, боқтасын, т.б. Ал әйелі жақсы болғасын оның "мінезіне" шыдап, балалары үшін, осы үйден күлім шықсын деген ұстаныммен өмір сүруі де мүмкін. Екіншіден, жұмыссыз жүрген, түк бітірмей жүрген ерін жақсы әйелі, әйтеуір, жұмысқа кіргізіп болса да көмек беруі мүмкін. Әлбетте, билік көбінесе осындай әйелде болады. Себебі мұндай әйел пысық болады. Отбасы үшін тер төгеді. Үшіншіден, жетістікке жетіп жүрген ердің артында жақсы әйелі тұрады. Әйелі жақсы болмаса, әлгі ердің туыстарымен де байланысы дұрыс болмайды, жалпы, жетістікке жете бермейді.