Үй жағдайында томат пастасын дайындау

Үй жағдайында томат пастасын дайындау

Томат пастасын піскен помидордан жасайды. Помидорды 6—8 рет қайнатып, қаңылтыр немесе шыны банкаларға, құты немесе кеспекке салып, тұз сеуіп, бетін саңылау қалмайтындай етіп мұқият жабады. Томат пастасының құрамында 30% құрғақ зат, ал неғұрлым құнарлысының құрамында 35— 40% құрғақ зат болады. Құрамында 30% құрғақ заты бар томат-пастада орта есеппен 19% қант, 2,5% органикалық қышқыл, 60 мг % С витамині және 2 мг % каротин (А ви-таминінің негіздері) бар. Томат пастасы тұздық, борщ, жарма мен көкөніс сорпасын, еттен, балықтан, көкөніе-тен қою және жеңіл тамақтар дайындауға қолданылады.