Чой Минхо (SHINee) туралы мәліметтер
Чой Минхо (SHINee) туралы мәліметтер:
1. Пекинде 2006-2007 жылдары қытай тілін оқыды;
2. Бұрындары топ мүшелерінің ішінде ең тыныш, көп сөйлемейтіндігімен белгілі болған. Чой отбасының ең кенжесі болғандықтан «алдымен үлкендерді тыңда, сосын сөйле» деп тәрбиелеген. Оның ағасы әкесі жағынан 30 жылдың ішінде туылған ең алғашқы ұл баланың бірі болды, сондықтан оған көп көңіл бөлді. Минхо ағасына жақсы дос, ата-анасына үлгілі бала болып өсті, керек кезінде қашанда жандарынан табылды. Сондықтан топқа келген соң, егер Минхо бірдеңе айтатын болса ақырын ғана сөйлейтін болған. Бұл қаисеті оның айдол имиджін одан сайын көркейте түседі;
3. Сән қуады, онымен айналысқанды ұнатады, көбіне топ ішіндегі Кимен бірге;
4. Шайни тобының барлық мүшесі бір бөлмеде екі қабатты төсекте ұйықтағанда, Минхо төменгі, ал Ки үстіңгі қабатында жататын;
5. Оның әкесі Чой Юн-Гем (Choi Yun-Gyeom) бұрынғы футбол жаттықтырушысы ретінде белгілі. Анасы үй шаруасымен айналысады. Минхоның Чой Минсок (Ghoi Minsoek) атты ағасы бар;
6. Қан тобы – В (ІІІ);
7. Діні – христиан;
8. Минхо жеңілгенді жек көретін адам ретінде белгілі. Ол бәсекені, жарысуды жақсы көреді. Жеңіліп қалса жүрегіне жақын қабылдайды, және әлсіздігі үшін тек өзін кінәләйді;
9. Минхоның лақап атының бірі – «hyung magnet» (хендардың магниті), немесе дөрекі түрде – «hyung whore». Ол хендарын өте жақсы көреді. Олар да Минхоға тура сондай қарым-қатынаста;
10. Минхо Донг Банг Шин Ки (Dong Bang Shin Ki) тобындағы Шим Чанминмен жақсы дос;
11. Мысыққа қарағанда иттерді жақсы көреді;
12. Кішкентай кезінде әкесінің ықпалымен футбол ойыншысы болғысы келген. Бірақ, әкесі баласының спорттық мансабына қарсы болды;
13. Ата-анасына қоңырау шалып, телефонмен сөйлескенде не айтарын білмейді. Ол осыны өзіндегі жаман әдет деп санайды;
14. Ең сүйікті тағамы – рамен. Топ ішіндегі тамақ көп жейтіні – Минхо, бірақ, қанша жесе де толмайды;
15. Ұйқыны жаны сүйеді. Бәрінен де оны таңертең ұйқыдан ояту қиын.
16. Топ ішінде Оньюді ең көңілді деп санайды;
17. Көпшілік алдында жас төгетін адамдардың қатарынан емес;
18. Люцифер дебютінің алдында Минхо аяғынан травма алды: Дрим Тим (Dream Team) эпизодтарының бірін түсіру барысында буынын созып алды. Қайта сауығуға 2 айдан астам уақыт кетті. Осының себебінен топ камбэгі кейінге қалдырылды. Тіпті, шілде айындағы камбэктен кейін де алғашқы үш апта бойы Шайнилықтар сахнада жанды дауыста ән салғанда, Минхо орындықта тамашалап отырды;
19. «Эгьесін» көрсетуді онша ұната қоймайды, және мұны камераға қарап жасауға тура келгенде үнемі ұялады;
20. Минхо үшін идиал қыз: орта бойлы, мейірімді, шашы ұзын және міндетті түрде көйлек киюі қажет;
21. Тэминнің айтуынша, ең әдемі ұйықтайтын киім Минхонікі;
22. Анда-санда түсінде сөйлейтін әдеті бар;
23. Минхо Джонхен және Тэминмен бірге моншаға барған болатын. Люцифер камбэгінен кейінгі шоудың бірінде Минхо Джонхен екеуі қандайда бір жолмен Тэминнің шынында да жігіт екендігіне көз жеткізгендігін айтады (ол кездері Тэминнің шашы ұзын болатын);
24. Ол балаларды өте қатты жақсы көреді. «Hello, Baby!» түсірілімі барысында Югынға қатты бауыр басып қалды. Үнемі оның қолынан жетектеп, өзімен бірге алып жүрді. Түсірілім аяқталғаннан кейін де Югын анасымен бірге әр түрлі шоулардың түсіріліміне келген. Минхо қолы босағанда, Югынды қуана қолына алып, ойнатып жүрді;
25. Мектепті қызыл дипломмен бітірген;
26. Бір күні радиодан өзінің хены Супер Джуниордағы (Super Junior) Донхэны жақсы көретіндігін айтқан;
27. Сүйікті түсі – сұр. Топтағы ресми түсі – көк;
28. SNSD (Girls Generation) ішінен Юриді көбірек ұнатады;
29. Солли секілді қарындасы, Тэмин секілді інісі болғанын қалайды;
30. Донсэнге қарағанда нуналарды ұнатады;
31. Минхоның құлағы тесілмеген, денесінде татуаж жоқ;
32. Минхо өте сыпайы және жақсы тәрбие көрген, мұны Минхомен байланыста болған кез келген адам растайды.