Психологиялық көзқарас туралы
Психологиялық көзқарас
Тіл біліміндегі психологиялық көзқарас ХІХ ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. Оны қалыптастырушы Берлин университетінің профессоры Г.Штейнталь. Штейнтальды қолдаушылардың бірі А.А Потебня.
Штейнталь тілдердің классификациясы Тілдің шығуы Грамматика логика психология және олардың принциптері мен өзара қарым қатынастары, Психология мен тіл біліміне кіріспе деген кітаптар жазды. Онда ол Тілдегі заңдылықтар өзгерістер қоғам мүшелеріне қоғамның дамуына байланысты емес жеке адамға солардың психикасына ойлау дәрежесіне байланысты. Жалпы халық тілі деген жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті индивидуумның тілін зерттеу деп біледі.
А.А Потебня славян тіл білімінің көрнекті өкілі. Ол тілді жеке адамдардың психологиясымен байланыстыра қарастырып, халық рухы ең алдымен оның тілінде содан кейін барып өдет ғұрпы мен салт дәстүрінде мәдениеті мен әдебиетінде көрініс табады деп есептеді.
Әрине тілді жеке адамдар психикасының жемісі деп қарау қате. Тіл әлеуметтік құбылыс. Оны туғызушы да қолданушы да халық яғни қоғам