Белгілі германистер: Р.Раск, Я.Гримм, Франц Бопп
Белгілі германистер: Р.Раск,Я.Гримм,Франц Бопп
(1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -»Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі — Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол — тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі — неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді.Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты.Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады. Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы». Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы-тарихи әдіспен үнді-еуропа семьясына жататын тілдерді жекелеп те, топтап та зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерін, бір-біріне жакындық дережелерін айқындадыСалыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі — үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды. Ол төркін тілді ата тіл-праязык деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады.Салыстырмалы тарихи өдісті тіл білімінің зерттеу өдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы, Санкт Петербург акдемиясыынң академигі А.Х Востоковтың да еңбегі зор Ол 1820 жылы жариялаған Славян тілдері жөніндегі пікірлер деген кітабында славян тілдері мәнбілерін бір біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешіліктерді көрсетеді.