Якобсон. Тілдің коммуникативтік қызметі, жіктелімі

Р.О.Якобсонның тілдің коммуникативтік қызметі тұрғысында-ғы жіктелімін мысалдар арқылы дәйектеңіз.
Коммуникация сөзі латынның соmmunico – ортақ етемін, байланыстырамын, араласамын сөзінен шыққан. Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларындағыдай) араласуды, ой, білім, сезім, мінез – құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді . Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып, адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда «коммуникация» мен «араласу» барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен мазмұнында. Араласу – серіктестердің өзіне және бірлескен қызметіне қатынасының әрқилы түрлері қалыптасып дамиды. Рәміздердің (белгілердің), соның ішінде тілдік белгілердің жалпы жүйесінің араласуы арқылы индивидтер арасында белгілермен (ақпарат) алмасу дәстүрлі түрде коммуникация деп аталады. Коммуникация - өзара түсіністікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік шартты үрдісі. Коммуникация – ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру”. Коммуникацияға не кіреді? Коммуникация құралдары мен арналарынан тыс басқа адамдарды ескерту (жол белгілері мен айғай), басқа адамдарды ақпараттандыру (телемәтін немесе пресс-релиз), әлденені сипаттау (деректі фильм немесе әңгіме), әлденеге иландыру („Ақшаны банкте сақтаңыз!” сияқты плакаттар), әлденені түсіндіру (оқулық немесе сынақ жоспары), көңіл көтеру (анекдот немесе көркем фильм) үшін хабар беріледі. Коммуникация мақсаты – осы. Көбіне бірнеше қызметті бірден (фильм көңілдендіреді, ақпарат береді, сипаттайды, ескертеді, түсіндіреді) атқарады. Адамдар немесе адамдар тобының қажеттілігі коммуникацияға адамдардың зәрулігінің бастапқы себебі болып табылады. Коммуникация мақсаттары тірі қалу, басқа адамдармен ынтымақтастық, жеке мүдде, басқалармен қатынаста болу, өзгелерді әлдебір әрекет жасауға иландыру, өзгелерге билік жүргізу (насихат та осыған кіреді), қоғамдар мен ұйымдарды біріктіру, ақпарат алу мен хабарлау, әлем мен ондағы өз тәжірибемізді сезіну (неге сенеміз, өзім, басқа адамдармен қатынасым туралы ой, ақиқатты қалай түсінемін), шығармашылық бейне мен қиялды тудыру қажеттіліктеріне қызмет етеді. Р.Димбяби мен Г.Бертон қажеттіліктерімізді төрт топқа – жеке, әлеуметтік, экономикалық және шығармашылық деп бөледі. Коммуникация функциялары талдау мақсатында ғана бөлінеді. Нақты коммуникативті үрдісте, тіпті бөлініп алынған жеке коммуникативтік актіде бірнеше функцияның үйлесуі, соның ішінде біреуінің немесе екеуінің негізгі анықтаушы болуы мүмкін. Қай функцияның жетекші екеніне қарап, коммуникативтік актілердің жіктелуі құрылады. Коммуникация фунциялары коммуникация моделінен жоғары тұрып, қатысушылары мен элементтеріне „бекітілуі” мүмкін. Р.О. Якобсонның моделінен алты функция туындайды:
1) эмотивті;
2) конативті;
3) референтивті;
4) ақындық;
5) фатикалық;
6) метатілдік.
Осы ұсынған функциялардың әрқайсысы коммуникацияның белгілі бір қатысушысымен немесе элементімен байланысты.
Р.Якобсон бойынша, сөздің негізгі функциялары:
1) эмотивті (экспрессивті, аффективті)-сөйленушінің хабарлаушыға қатынасы. М: «Қандай өкінішті», «қандай келеңсіз», «Тағы жауын жауды».
2) конативті-адресатты әрекетке итермелеу, өтініш, бұйрық.
3) референтивті- (конативті, денотативті) ойды білдіру.
4) ақындық-шынайы мен қияли демаркациясы.
5) фатикалық-контактіні қолдау. М: «Алло», «Сәлем», «Қалың қалай?»
6) метатілдік-өз айтуларын нақтылау, реттеу болып табылады.