Этнографиялық лингвистика туралы

Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрыппен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір ХVІІІ ғасырдың соңға жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің /1744-1803/ поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Вильгельм Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау XX ғасырдың 20-30 жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі - Америкада, екіншісі - Германияда.

Бұлардың екеуі де этнолингвистика деген шартты атаумен аталады. Оны Америкада қалыптастырушылар - Эдуард Сепир /1884-1939/ мен Бенджамин Уорф (1897-1941). Америкалық этнолингвистика мектебінің теориялық негізі Э.Сепирдің «Тіл» (1921), "Лингвистиканың жайы" (1929), Б.Уорфтың "Тіл, ойлау және шындық" (1956) деп аталатын жинаққа енген мақалаларында баяндалған.