Глоссематика. Лун Ельмслев

Глоссематикалық бағытын қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессор Лун Ельмслев/ 1899-1965/. Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған "Жалпы грамматиканың шешімдері" атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесе, тіл білімі жөніндегі еңбектер" атта журнал шығарып тұрған. Журнал структуралистердің халықаралық органы деп жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссематик Вигго Брендальдің "Структуралды лингвистика" деген мақаласы мен Ельмслевтің кейініректе жарияланған "Лингвистикадағы структуралық талдау әдісі", "Тіл теорияларының негіздері", "Тіл теориясына кіріспе" деген мақалаларында (бұлар орыс тіліне аударылған) глоссематиканың негізгі ұстанған бағыттары кең баяндалған.
Глоссематиктер алғашқыда Ф. де Соссюр тұжырымдарына сүйеніп, прагалықтармен пікірлес болғандарымен, кейін олар-дан біраз мәселеде жекеленді. Бұл мектептің негізгі принциптері мыналар:
- нақты тілдік фактілермен байланысы жоқ абстракт аксио-малық теория жасауды көздеу. Бірақ ондай теория жасай алған жоқ, жасау мүмкін де емес еді;
- лингвистикадағы маңызды мәселе - тілді таза қатынастардың торы, схемасы деп санау, сол қатынастардың сипаттарын айқындау деді;
- тілдің әр түрлі ғылымға ортақ объект болатын тарауларын лингвитикалық пән емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тастауды ұсыну. Бұларша, фонетика лингвистиканың емес, физика, физиология ғылымдарының объектісі, семантикалогияға, философия ғылымдарының объектісі, т.б. Тіл дыбыстары тілдің материалдық жағы болса, семантика тілдің идеялық жағы. Бұл екеуінсіз тіл жоқ. Сондықтан глоссематиктердің бұл екі категорияны лингвистикалық пән емес деп жариялаулары - тілді материясы мен мазмұнынан айыру деген сөз;
- зерттеу жұмысынан салыстырмалы-тарихи әдіс дегенді бір-
жолата аластау керек, тілдер туыстастығы деген ғылыми проб-
лема емес, оның орнына тілдердің жалпы, универсалды грам-
матикасын жазумен шұғылдану керек деді /Бұл к. сыңар жақ
пікір. Тіл білімі үшін структуралдық та, салыстырмалы-тарихи
әдіс те қажет, әрқайсысының өз объектісі, алға қойған өзіндік
мақсаты бар/;
- тілді объективтік өмірден, басқа ғылымдардан бөліп
жекелеп қарау, /олар қай ғылымның болса да ғалымдар аралық
саласы оның басқа салаларына қарағанда анағұрлым терең,
анағүрлым жан-жақты шешілетінін ескермейді/;
- зерттеу ісінде индуктивтік, яғни жекеден жалпыға қарай зерттеу әдісін қолданбауды, дедуктивтік, яғни жалпыдан жалқыға қарай зерттеу әдісін ғана қолдануды ұсыну. /Көптеген ғалымдар қажетті жеріне қарай бұл зерттеу тәсілдерінің екеуі де қолданылуы керек деп санайды/;
- құрылымды дерексіз таза қарым-қатынастар схемасы, торы деп тусіну. (Структуралық мектеп деп аталғандарымен прагалықтар мен глоссематиктердің құрылым дегенді түсінулері бірдей емес, прағалықтар оны өзара байланыста, шартты қатынаста тұратын тұлғалардан құралған бірлік, тұтастық дейді. Бұл мәселе дұрыстық прагалықтарда);
- Ф.де Соссюрдің ізімен синхрондық зерттеуге шешуші мән
беріп, оны тілдің жүйелік сипатын зерттеудегі бірден-бір тәсіл
деп санау;
- Ф.де Соссюрдің ізімен сөйлеуді индивидуалдық деп санап,
оны тілдік нормаға, узусқа қарсы қою. (Норма - материалдық
форма, ал узус қоғам қабылдаған сөйлеу әдетінің, дағдысының
жиынтығы. Тіл жеке құрылысы жағынан алғанда, фигуралар
мен функциялардың жиынтығы. Фигуралар - таңба жасауға
қажетті материалдар. Функцияға тілдік тұлғалардың байланысы
жатады дейді).