Прага лингвистикалық мектебі өкілдері

Прага лингвистикалық мектебі Прагада 1926 ж. тіл үйірмесінін негізінде кұрылып, 1950 ж. басында таркаған. Оны үйымдастырушылар В. Матезиус бастаған чех ғалымдары: Б. Трнка, Б. Гавранек, Й. Вахек, кейінірек С. Скаличка, И. М. Коржинек т. б., үйірмеге Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, С. О. Карцевский сиякты орыс ғалымдары кірген. Бұл мектеппен Кенес ғалымдары. Г. Богатырев, Г. О. Винокур, Е. Д. Поливанов, Б. В. Томашевский. Ю. Н. Тынянов шыгармашылыкбайланыста болды. Прага лингвистикалық мектебінін идеялык негізін салған Ф. де Соссюр. Дегенмен, онын көптеген мәселелерін шешкен чех ғалымдары. Бұл мектепке Ф. Ф. Фортунатов, Л. В. Щерба, әсіресе И. А. Бодуэн деКуртенэаркылы орыс тілдік дәстүрі ыкпал жасады.
Прага лингвистикалық мектебі тіл кұрылымын аткаратын кызметі жағынан зерттеуді максат етті. Тілдегі әрбір элемент өзінін тілдік жүйеде аткаратын кызметіне карай багалануы керек, тіл дегеніміз — функционалды жүйе деп есептеді. Тіл элементтерінін кызметін бірінші катарға коятындыктан, бұл мектепті Прагалык функиионалды лингвистика деп те атайды.