Эстетизм деген не?

Эстетизм. XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
Кейде бұл мектеп неофилология немесе идеалистік неофилология деп те аталады.