қалай ойлайсыздар шашымды қияйын ба?

Менің шашым ұзын,беліме жетер-жетпес.Бағана шаштаразға барып ыиығыма дейін қысқартайын деп,дәтім бармай ұшын қидырттым,енді қайта барып қысқартайын ба ?Айтыңыздаршы ?

Ұзын шаш жалпы қысқа шашқа қарағанда әдемі, неге десеңіз, ұзын шашты түрлі әдіспен қысқа етіп көрсетуге болады. Ал қысқа шашты ұзын етіп көрсете алмайсың. Ұзын шашты бұйыралауға, түрлі шаш сәнін жасауға болады. Өріп қойғанның өзі қандай әдемі?! Мен де қалаға алғаш келгенде шашымды қиып тастап, ал енді өсіре алсамшы. Қазір өсіп келеді. Беліме жетіп қалды. Шашыңызды қимаңыз))
қимағаныңыз дұрыс.Үлкейген сайын шаш жәй өседі дейді ғой,қайтадан қалпына келтіре алмай қаласыз.Ұзын шаш шынымен де жақсы ғой.
Әдемі шаш болса қимаған дұрыс, қыз шашымен, бұрымымен сұлу сияқты, бірақ меніңкіндей зақымдалған, жұқа, сүйкімсіз шаш болса, қысқартып, жаңартып тұрған дұрыс, әйтпесе маскалар да көмектеспейді. Бұрын бір кісі айтатын "Айгерім, шашыңды қысқартпа, сен өз атыңа лайық болу керексің, Әйкерімдердің шашы ұзын болу керек, "Абай жолын" оқысаң түсінесің" дейтін, шашымды қысқартқан сайын сол кісі есіме түседі.