ХІХ ғасырдағы айтыс өнері

ХІХ ғасырдағы айтыс өнері

Бүгінгі таңда аталған қорларда шығу төркіні үш ғасырды қамтыған бір жарым мыңнан астам айтыс пен олардың ішкі жанрлық түрлері, версиялары, нұсқалары сақталған. Бұны жүздеген жылдар бойы қалыптасып, шарықтай дамып, ұлттық мұраға айналған айтыстың оннан бір бөлшегі деп санауға болады. Себебі халқымыздың рухани құндылықтарға деген салғырт мінезі, қоғамның әр кезеңдеріндегі саяси-идеологиялық түйіткілдері олардың толық, сапалы түрде хатқа түсуіне, түпнұсқа негізінде жариялануына кедергілер келтіріп отырды. Бірақ халқымыздың жадында «барға ­– қанағат», «қанағат қарын тойдырар», «ештен кеш жақсы» деген ұлағатты ұғымдар жатталып қалған. Осы саланы іргелі түрде зерделеген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, Қазақстан мен дүниежүзінің өзге де елдеріндегі қандастарымызда сақталған мәтіндерден 20-25 том көлемінде «Айтыс» жинақтарын жарыққа шығаруға мүмкіндіктер бар.