Омарқұл мен Табия айтысы

Омарқұл мен Табия айтысы

"Омарқұл мен тәбия айтысы" - әлеуметтік мазмұны мен көркемдігі астасып ұшталған қыз бен жігіт айтысы. Мұнда қалыпты әзіл-қалжыңның әр алуан үлгілерімен қатар, халқымыздың жақсы, жаман, әдемілік, көріксіздік туралы түйген ғасырлар бойғы талғам-тілектері де кеңінен сөз болады. Мұнда жастардың болашақ бақыт-тағдыры жайында сөз болғандықтан, олардың қазақ даласындағы әлеум. өмірге зер сала қарап, өздерінше баға беруге талпынуы да орынды. Әсіресе байлық пен жарлықты, кедей қырсықты тірі адам бейнесінде сипаттауы ұтымды шыққан. Айтыс жеке бастың қайғы-зарын, арман-мұңын жырлаудан ірі әлеум. мәселеге, бас бостандығын сөз етуге ауысады. Өздері куә болып отырған өмірдегі әділетсіздіктер мен зұлымдықтар жайлы жырлайды. Қайымдасу айтыстары әуелгі топтық түрден жекелік сипат алды дейтін болсақ, соның жетілген, кемелденген үлгісі деп осы "Омарқұл мен тәбия айтысын" айта аламыз.