А.Байтұрсынов: «Айтыс - екі палуан күрескені сияқты, екі ойыншы ұтысқаны сияқты, екі батыр жекпе-жек ұрысқаны сияқты, екі ақынның бірін-бірі сөз жүзінде аңдып, бірінің-бірі қапысын тауып жеңу үшін айтатын өлеңдері. Ақындар әдісін сөз арқылы жұмсап, бірін-бірі сөзбен шаншып, жеңеді. Әрқайсысы сөзбен шаншуға қолайлы,осал-оңтай жерін іздейді. Басында, ісінде, жұртында, ұлтында болған осалдық, кемшіліктерді айтып, сөзбен ұялтып, яки сөзбен қамап, жан-жағын бөгеп, тоқтатады», - деп жазады.
Жалпы, айтыс өнерінің композициялық құрылымында кереғарлық, қарама-қарсылық, драмалық ширыққан талас-тартыс жатқаны, бұған рулық-патриархалдық қоғамдағы салттар түпнегіз болғаны іргелі зерттеулерде дәлелденген. Бір сөзбен айтқанда, айтыс есте жоқ ескі заманда байырғы адамның санасындағы мифтік жұптық тайталас (бинарная оппозиция) құбылысына арқа сүйеп, әу баста пайда болғаны байқалады. Әсіресе рулық-тайпалық қоғам тұсында оның өзегінде жатқан қарама-қайшылық әлеуметтік жіктердің өзара қызу тартысының айнасына айналды, айтыс сол кезеңде буыны бекіп, бұғанасы қатып, жеке жанр ретінде қалыптасты деп қорытынды жасауға негіз жеткілікті.