Айтыс жанрының зерттелу тарихы
Айтыс жанрының зерттелу тарихы
«Қазақ әдебиетінің тарихына» енген (1-том, 2-кітап, 1960, 671-714-беттер). Ал Әуезовтің 1948 жылы жазған «Айтыс өлеңдері» атты еңбегінде ол «Совет ақындарының айтысы» деген атпен берілген. Еңбекте автор қазақ халқының ежелден келе жатқан төл өнері - айтыстың жаңа заман, жаңа кезеңдегі өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Егер өткен дәуірлердегі айтыстарда ақынның негізгі арқа сүйері ру, ата-баба сияқты ескі әдет-салттар болса, кейінгі ақындар өздерінің елі, ұжымшар, аудан, қала, облыс жайын тілге тиек етеді. Сол арқылы сын мен өзара сынды өткірлеп, өрістете түседі. 1922 жылы Семейдің екі ақыны (Иса мен Нүрлыбек) бірі қала, екіншісі ауыл атынан айтысқанын, «Шашубайдың қасқырмен айтысын» (1932) мысалға келтіріп, айтыс өнерінің жаңаша мазмұн, түр сипатқа ие бола бастағанын сөз етеді.Осы сияқты «Қасқыр мен қойдың айтысы», «Қарагер ат пен директордың айтысы», «Бай мен кедей айтысы» туралы, 1939 жылы Алматыда өткен Нартай мен Нүрлыбектің айтысына және 1943 жылы республикалық көлемде өткен үлкен айтыстың кейбіріне қысқаша тоқталады. Жазушы кеңес кезеңіндегі айтыстарда қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық мәселелері мейлінше кең, терең толғаныспен сөз болатынын атап көрсетеді.