Айтыстың бүгiнгi зерттелу дəрежесi.
Айтыстың бүгiнгi зерттелу дəрежесi.
Әуезовтің айтыс жанры туралы сүбелі еңбегінің бірі - 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдық мерейтойында жасаған «Жамбылдың айтыстағы өнері» дейтін баяндамасы («ҚазКСР ҒА-ның хабарлары. Әдебиет сериясы», 1948, N2 55). Бұл еңбегінде автор ақындар айтысының үш халықта - қазақ, қырғыз, қарақалпақтарда бар екенін айтады. Ақындар айтысына ұқсас жанрдың көшпелі араб тайпаларында бар екеніне (мұғалақат) тоқталып, қазір ірі жанр ретінде жоқ болғанмен, ертерек уақыттарда Еуропа халықтарында да айтысқа ұқсас жанрлар болғанын атап көрсетеді. Айтыскер ақынға тән қасиеттер ретінде алғыр импровизаторлық қасиет, дүниетанымның кеңдігі, тапқырлық, батылдық тағы басқа қасиеттерді санамалап айтқан. Жамбыл айтыскерлігін мысалға ала отырып, айтыстағы демократиялық үрдістің дамуын және жыршылық дәстүрдің айтыс ішіне кіру ерекшеліктерін талдаған. Айтыс жанры - 19 ғасырда Ш. Уәлиханов, В. Радловтардан басталған үлкен ғылыми-зерттеу тарихы бар жанр. Әуезовтің әсіресе 50-жылдардағы зерттеулері бұл саланы жаңа сапалық биікке көтерді. Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1960, 1964 жылдары шығарған «Қазақ әдебиеті тарихында» (1-том, 1,2-кітаптар) дәстүрлі айтысқа және кеңес дәуіріндегі айтыстарға арналған тарауларында айтыс жанрының зерттелуі туралы салиқалы ойлар келтірілген. Ондағы «Айтыс» тарауын, 60-жылдарда шыққан 3 томдық «Айтыс» жинағының алғы сөздерін Әуезов жазып, айтыс поэтикасы туралы озық ойлар, тартымды тұжырымдар айтқан. Айтыстың жиналуына, зерттелуіне қал-қадерінше еңбек сіңірген алғашқы ғалымдар Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Ә. Диваевтардың еңбектеріне тоқталған.