Айтыс жанрының зерттелу тарихы.
Айтыс жанрының зерттелу тарихы.
Әуезовтің «Ақындар айтысы - көпшілік алдында, тындаушы, сыншы журттың көз алдында туып, орындалады. Әнмен не әр ақынның арнаулы сарынымен: қобыз- ға, домбыраға, гармонға қосылып айтылады.Ақындардың бірі жеңіп, бірінің жеңілгеніне төрелік айтушы да сол жиынның өзі болады» деген пікірлерін айтыс поэтикасының негізі, әліппесі деу керек. Тыңдаушы орта жайындағы пікірлері де әлі күнге дейін өте маңызды. «Оның үстіне, көбінесе, тыңдаушы жұрт екі жақ болып, екі ақынның туысы, тілеулесі, жақын ортасы болады. Сондықтан тартыс, талас тек екі ақын арасында ғана емес, бәсеке тілеулестік екі жарылған жиында да болады» деген қағидалар усынады. «Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы, ақындар айтысын, тыңдаушы көпшілік үшін әр кезде театрлық, драмалық аса қызу әсері бар, өнер түріне айналдырады» деп, айтыста драматизм элементтері, театрлық белгілер бар екеніне ден қояды. Әуезов ақындар айтысы салт айтысының дамуы негізінде шыққанын, 16-18 ғасырлардағы ақындар айтысының бізге жетпегенін айтады. Арабтардағы «мұғаллақат», Үндістан, Иран елдерінде «мұшайра» жанрлары талданған Еуропа халықтарындағы импровизация белгілері бар әдеби фактілер келтірілген.