Shinhwa

full-recap-shinhwa-holds-successful-comeback-press-conference_escld_6.jpg.png
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Құрамы: 6 әнші
Жанр: K-pop
Құрылған жылы: 1998
Лейбл: SM Entertainment (1998-2003)
Good Entertainment (2004-2007)
Shinhwa Company (2011-present)

Shinhwa / 신화 / 神話 – оңтүстік-корейлік боиз-бенд. Топтың құрамында алты адам бар және олар алғаш 1998 жылдың 24 наурызында дебют жасаған. "Shinhwa" деген топтың аты "аңыз", "миф" деп аударылады.

Топ жайлы толық ақпарат:
1998 жыл: Қатысушылар, бірінші сәтсіздік пен бірінші марапат

HOT және SES топтарының танымалдылықтарына қарап, SM Entertainment-тың продюсері, әрі құрылтайшысы Ли Су Ман жаңа топ құру үшін қатысушыларды іздей бастайды.
Осындай ізденістердің арқасында Лос-Анджелесте Шин Хе Суңды таңдап алады.
Энди Ли HOT тобына талапкер болып жүреді. Бірақ жас жігіттің ата-анасы қарсы болып, ол жаңа топтың құрамына енеді.
Эндиден кейін топқа Эрик Мун келеді. Ли Мин Уды SM Entertainment тобы студенттер би кешінен бірінші орын алғандықтан ұнатып, таңдап алады. Ким Доң Ван поп-топта ән айтуға аса құлшынысы болмаған еді, бірақ кейін райынан қайтып, топқа кіреді.
Және ең соңғы болып топқа Джун Джин тыңдаудан өтіп, қосылады. Алтауының ішінде екеуі ғана шоубизнесте біраз тәжірибелері бар еді. Эрик пен Энди 1997 жылы SES тобының "I'm Your Girl" әніне рэп жазған болатын.
Осылай Shinhwa 1998 жылдың 24 наурызында KM Music Tank корей шоуында "Hae Gyul Sah" (Problem Solver) әнімен дебют жасайды. Топтың екінші Eusha Eusha синглі үшін жігіттер дауға қалады, өйткені бұл әнді HOT тобының әніне плагиат деп айыптайды.
Сонымен қатар, ол кездері Кореяда үлкен апат болып, Eusha Eusha әніне түсірілген көңілді бейнеклипті көбі қабылдай қоймайды. Осылайша, олардың Resolver атты бірінші альбомдары танымалдылыққа ие болмай, топ ыдырауға шақ қалады.
TOP атты екінші альбомдары 19 сәуір 1999 жылы шығады. Бұл альбомдары сатылым бойынша Korean monthly chart байқауында үшінші орынға ие болады.
TOP альбомы шыға салысымен, Shinhwa-лықтар "нәзік" те, "сүйкімді" жігіттер образынан шығып, жарқын және салмақты жігіттер бейнесіне ауысады. ТОР-тың сәтті болуына орай M.Net марапатына қол жеткізеді: "1998's Best Music Video from a new male pop group".

2000-2001: Жаңа синглдер мен дебют альбом

Shinhwa-лықтардың Only One атты үшінші альбомы 27 мамыр 2000 жылы жарық көреді. Жергілікті шерулерде бірінші орынға ие болып, шыққанынан 24 апта бойы түспейді. Only One альбомымен олар сол жылы үш марапатқа қол жеткізеді: SBS Gayo "Popularity Award", KMTV song "Bonsang Award" және "Popular Singers Award". Және олардың жаңа би стилі қызығушылықты арттырып, N'Sync және Backstreet Boys сияқты америкалық топтардан кем түспегені айтылып жатты.
2001 жылы топ тағы стильдерін ауыстырып, готикалық образ жасатты. Сол жылы алғаш First Mythology деге атпен жеке концерттерін қойды.
Shinhwa-лықтардың төртінші альбомы Hey, Come On! 8 маусым 2001 жылы шығып, ал "Hey, Come On!" әні музыкалық шерулердің басынан көрінді. Альбомның шығу кезеңі әлемде "Корей толқынының" белең алғанымен тұспас-тұс келді. Орташа есеппен альбом корей шерулерінде 28 апта тұрақтап, 2001 жылдың қорытындысы бойынша 11-ші орынды иеленді.
31 қаңтар 2002 жылы Shinhwa My Choice деген атпен бірінші жинақтарын шығарады. Альбомда топтың ең үздік әндері мен және топ мүшелерінің сүйікті әндері топтастырылған.

2002-2003: SM Entertainment-тен кету

My Choice альбомының шыққаннан соң бірнеше айдан кейін Shinhwa 2002 жылы наурызда бесінші студиялық Perfect Man атты альбомын шығарады. Альбомды шығару барысында жігіттер стильдерін өзгертіп, жастардың спорттық образын қалыптастырды. Perfect Man жергілікті Korean monthly chart шеруінде тағы біріншілікте көрініп, топтың екінші сәтті альбомы болып саналады.
25 тамыз 2003 жылы Shinhwa Азия құрлығында танымалдылыққа ие болып, Perfect Man Singapore - Mandarin chart шеруінде 10-шы орынға шығады. Осының арқасында олар Жапонияда өткен Asia 2002 ceremony салтанатты кешінде K-POP атынан өнер көрсетеді, және кейін Корея атынан Japan's Asia Dream concert ABU марапаттау салтанатына қатысады.
2002 жылдың соңына қарай Shinhwa Корея тарихындағы ең ұзақ жасаған поп-группа (боиз-бэнд) атағын алады. Ал сол жылы желтоқсанда Wedding альбомы жарық көреді. Сонымен қатар, Корея тарихында бір жылда екі альбом шығарған екінші топ болады.
SM Entertainment-пен келісімшарттың біту мерзімі жақындағанда компания ұзартпақ ниетте еді. Бірақ Shinhwa-лықтар бас тартып, Good Entertainment-пен келісім-шартқа отырады. Алайда топтың атын сақтап қалу үшін соттасуға мәжбүр болады. Shinhwa сотты жеңіп шығады. SM Entertainment-пен келісім-шарт 2004 жылы бітетіндіктен, 2003 жылы топ мүшелері әрқайсы өз жұмыстарымен айналысады да, кейін Good Entertainment-ке дерлік өтеді.
Shinhwa-лықтар 2003 жылы Winter Story 2003-2004 деген атпен жинақ альбомын шығарып, 100 000 данамен таратады. "Young Gunz" әндерін радиоларда жиі қойып, жалпы альбом табысты болады. Осыған байланысты әр қыс сайын немесе екі жылда бір рет осылай жинақ шығарып тұруды ұйғарады.
Shinhwa The Everlasting Mythology концертін ұйымдастырып, кейін Winter Story Tour деген атпен Сеул, Пусан, Дэчжон, Инчхон, Дэгу, Кванджоу қалаларында концерттер қояды. Және SHINHWA First Live in Tokyo турымен Жапонияда концерт қояды.
2003 жылы Мин У "М" деген лақап атпен жеке ән айтуды бастайды. Un-touch-able деген альбом шығарады. Ал осы уақытта Хе Суң және Қаңта мен Ли Чжи Хунмен "S" тобын құрады. Джун Джин Forbidden Love дорамасына Ким Тхэ Химен бірге түседі. Энди мен Джун Джин Nonstop 4 пен Banjun Drama ситкомдарына қатысады.

2004-2005: Жаңа серпіліс

Good Entertainment құрамына кірген соң Shinhwa-лықтар Brand New деген альбом шығарады, олар үшінші орынға көтеріліп, 2004 жылдың қараша айындағы сатылым бойынша бірінші орынға жетеді. Альбом бұрынғыға қарағанда стилімен, музыкасымен ерекше еді. Альбомның промоушнын жасауда "Angel", "Oh!" және "Crazy" әндерін орындап жүреді. 2004 жылдың қорытындысы бойынша Brand New төртінші орынға жайғасады.
10 желтоқсан 2004 жылы Shinhwa Seoul Gayo Daesang Awards марапаттау кешінде Best Artist of The Year деген атаққа ие болады.
Brand New альбомының сәттілігінің арқасында топ Корея-Қытай-Жапония бойынша гастрольдік сапарға аттанады.
Shinhwa бұл жолы элегантты жігіттердің образында шығып, тіптен тартымды болады. Осыған дейін олар шаштарын түрлі-түстіге бояп келсе, осы жолы тек қара, не қоңыр түсте ғана шығатын болды.
Осы аралықта топ мүшелері өздері ән жаза бастады. Эрик рэп-шумақтар жазуға шебер еді, ал Мин У Ли лирикалық композициялар жазды. Осылайша "All of My", "Oh" және "U" деген әндер жарыққа шықты.
2005 жылы Shinhwa үзілістермен жұмыс жасаса да олар хит болған "How Do I Say" және "Hey Dude!" әндерін шығарды. Сонымен қатар, Tropical Summer Story Festival концертін өткізді.
Сонымен қатар, 2005 жылы олар Let's Coke Play Battle Shinhwa деген атпен шоу ұйымдастырды. Сценарийі American Idol-ға ұқсас.
Жыл соңында былтырғыдай Winter Story 2004-2005 альбомдарын шығарды.

2006: Қайтып оралу, азиалық тур.

14 қаңтар 2006 жылы Shinhwa Good Entertainment-пен келісім шарттарын тағы үш жылға создыртады, ал оның алдында олар 8 жылдықтарын атап өткен болатын.
11 мамыр 2006 жылы Shinhwa State of the Art атты сегізінші альбомдарын шығарады, бұл альбом да өте сәтті болады.
State of the Art-тан кейін, Shinhwa-лықтар бірінші жапондық альбомдарымен жұмысты бастайды. 14 маусым 2006 жылы олар This is the Sun in Our Hearts әнмен Жапонияда дебют жасайды. Ән Oricon хит шеруінде тоғызыншы орынға көтеріледі, ал Inspiration #1 альбомы сол шерудің алтыншы орнында көрінеді.
Shinhwa Азия бойынша бес айға созылған турларын бастайды. Тур 13 мамыр Сеулдегі Olympic Park-те басталып, Шанхай, Тайланд, Сингапур, Жапонияда жалғасын табады. Топ жалпы 9 қалада болады. Концертке барлық билеттер сатылып, жанкүйерлер қуана қарсы алады. Қытайлық БАҚ өкілдері шетелдік әртістерге деген мұндай ажиотаж ешқашан болмаған деп жазады. Осылай 2006 жыл да бітеді.

2007: Жеке шығармашылық, үзіліс, 10-жылдық

2007 жылы топ үзіліс жариялайды. Осы үзіліс аралығында топтың әр мүшесі жеке шығармашылықпен айналысуды жөн көреді. Топтың әр мүшесі түрлі компаниялармен келісім-шартқа отырады.
M Rising (Мин У), New Dream Entertainment (Энди), JF Story Entertainment (Джун Джин), H2 Entertainment (Доң Ван), және Top Class Entertainment (Эрик).
Доң Ван алғашқы соло альбомын Kim Dongwan деген атпен шығарады. Мин У үшінші альбомын жазады. Хе Суң да екінші альбомын ұсынады.
Топтың басқа мүшелері де түрлі шараларға қатысады. Эрик Que Sera, Sera дорамасына түседі. Және ол әншілігін қоя тұрса да, актер ретінде өзін жақсы қырынан көрсетеді. Джун Джин 2006 жылы әнін жазуды бастап, 2007 жылы соны айналдырумен айналысады. Ал Энди "Music In My Heart (Season 3) мюзиклінде басты рөлді сомдайды".
Winter Story 2007-2008 шығысымен, Shinhwa Сайтамаға, кейін Шанхайға концертпен аттанады.
Топтың он жылдығына орай жаңа альбом шығарып, қорытынды концертпен аяқтайды. 2012 жылға дейін топ мүшелері әрқайсы жеке шығармашылықпен айналысады.

2008 – 2012: Әскери борыш

2008 - 2009 жылдар аралығында (2010 жылдың басы) топ мүшелері міндетті әскери борышын ақтауға шақырту алады.
2008 жылдың қазан айында бірінші болып Эрик аттанады. Қарашада - Доң Ван, 2009 жылдың қарашасында - Джун Джин.
2010 жылдың қаңтарында Энди де әскерге аттанып, 24 айдың 21 айын өтеп шығады.
Мин У соңғы болып 2010 жылдың ақпанынан бастап баралы. Хе Суң концертте алған жарақатына байланысты әскерге жарамсыз болады.

2011 жылдан бастап: Shinhwa Company

2011 жылы Доң Ван топтың 14 жылдығына орай 2012 жылы топ қайта оралады деп жария етеді. Тек топтың барлық мүшесі әскери борыштарын өтеуін күтуде екенін айтады.
Топ мүшелері ешкімге тәуелсіз болу үшін Shinhwa Company атты компания ашады. 1 шілде 2011 жылы Shinhwa өз компаниялары бар бірінші топ болып тарихқа кіреді. Компания директоры болып топ лидері Эрик сайланады.

4-жылдық үзілістен кейін Shinhwa қайта оралып, баспасөз маслихатын өткізеді. Олар оныншы студиялық альбомдарын шығаратындарын айтады. "The Return" деген атпен шыққан альбоммен топ Азия бойынша гастрольге шығады, альбомның басты "Venus" әні танымалдылыққа ие болады. Он жылдықты жігіттер осылай атап өтіп, қайта шығармашылықты бастап кетеді.

Топ бірнеше жылда музыкалық бағыттарын бірнеше рет ауыстырған. Олар rock, rap, pop, ballad, және R&B стильдерінде ән салған.
Әр концертте топ мүшелері жеке шығармашылығын көрсетуге де жол берілген. Топтың әр мүшесі осыған дейін бірнеше альбомдар шығарған. Сонымен қатар Эрик Мун мен Ким Доң Ван актер ретінде де өте танымал.

Бейнеклиптер:

2005 Shinhwa MV – “Brand New”
2005 Shinhwa MV – “Crazy”
2006 Shinhwa MV – “Once in a Lifetime”
2006 Shinhwa MV – “Throw my fist”
2006 Shinhwa MV – “This Is The Sun In Our Hearts”
2008 Shinhwa MV – “RUN”
2012 Shinhwa MV - "Venus"
2013 Shinhwa MV - "This Love"

Топ мүшелері:

[b:2nl7t3hy]Eric Mun[/b:2nl7t3hy]
photo189114.jpg
Аты: Эрик / Eric / Эрик Мун / Eric Mun / 에릭 / 晸赫
Шын аты: Mun Jung-Hyuk / Moon Jeong Hyuk / 문정혁
Туылған күні: 16 ақпан 1979 ж
Топтағы міндеті: рэппер, лидер
Мамандығы: әнші, актер және модель
Лақап аты: Гон (Gon)
Отбасы: 2 әпкесі, ағасы
Діні: христиан
Білімі: Sunny Hills жоғарғы мектебі (Калифорния); Дон-Гук университеті, театр және драма өнері факультеті
Дарыны: реп оқу, сноуборд, баскетбол, жүзу, дайвинг, кларнетте ойнау, саксофонда ойнау, фристайл-рэп, бокс
Хобби: сурет салу, ән айту, сноуборд, балық аулау
Мінезінің жақсы жақтары: оптимист
Мінезінің жаман жақтары: жалқау
Сүйікті асы: корей асханасы
Бала кезінде кім болуды армандаған: әскери азамат, президент, әке болуды
Арманындағы қыз: өз ойы, пікірі қалыптасқан биязы қыз
Басқа да фактілер: Екі әпкесі және ата-аналарымен Америка штаты, Калифорнияда өскен. Мун ағылшын тілін жетік меңгерген. 2002-2003 жылдары Эриктің корей актрисасы Ким Хи Сунмен махаббат қарым-қатынастары баспасөзде кеңінен талқыланған. Эрик оған үйленуге ұсыныс жасады деген де сыбыстар тараған. Бірақ қалай болғанда да, олардың қарым-қатынастары бір жылға ғана созылды. Осы уақыт аралығында олар бірнеше рет қосылып, бірнеше рет айрылысқан. Ким Хи Сунның анасы Эрикке қарсы болды деген де әңгімелер болған.
Кейін Эрик қазірде тарап кеткен Baby V.O.X. тобының әншісі Kim EZ-пен кездеседі деген ақпарат шығады. 2005 жылы Эрик Мисс Корея-2000 атағын жеңіп алған және танымал "My Girl / Менің сүйіктім" дорамасында ойнаған [b:2nl7t3hy]Парк Ши Ён / Park Shi Yeon[/b:2nl7t3hy]-мен кездесуді бастайды. Бірақ 2007 жылы түсініспеушілік салдарынан екеуі айрылысып, екі жаққа кеткен.
Эрик, корейлік танымал Shinhwa бойз-бендінің лидері. Түрлі теле-шоуларға қатысқан, көптеген фильмдер мен сериалдарда ойнаған. Солардың бірі - [b:2nl7t3hy]Шпион Хан Мёң Воль[/b:2nl7t3hy]. Топтың ішінде ең алғашы болып, 2008 жылы әскерге аттанған.

[b:2nl7t3hy]Фильмографиясы[/b:2nl7t3hy]
Дорамалар:
Banjun Drama (SBS)
2003: Breathless (MBC)
2004: Phoenix (MBC)
2004: Good Sunday Show (SBS)
2005: Super Rookie (aka New Employee) (MBC)
2006: Wolf (MBC)
2006: Invincible Parachute Agent (SBS)
2007: Que Sera, Sera (MBC) / Что будет, то будет
2008: Strongest Chil Woo (aka Choi Kang Chil Woo) (KBS2)[18]
2011: Spy Myung-wol (KBS2)[19]

Фильмдер:
2002: Emergency Act 19 - cameo with Shinhwa
2005: A Bittersweet Life
2005: Diary of June

Шоулар
2005: Love Letter
2005: X-Man (SBS)
2006: Heroine 6
July 2006: Infinity Challenge (MBC) - Quiz Challenge with Shinhwa
2012: Shinhwa Broadcast (JTBC)


Марапаттаулары:

* 2004 Acting Daesang Award "Phoenix" дорамасындағы рөлі үшін жаңа толқын марапаты
* 2006 SBS Acting Award: "Invincible Parachute Agent" дорамасы үшін үздік актер
* 2006 SBS Acting Award: Кореяның танымал 10 актері марапаты
[b:yuh2gdsr]Ли Мин У[/b:yuh2gdsr]
83332656.jpg
Есімі: Ли Мин У / Lee Min Woo / 이민우
Туылған күні: 28 шілде 1979 ж
Топтағы міндеті: вокал, композитор, биші
Мамандығы: әнші, актер және модель
Отбасы: үлкен әпкесі, ағасы және інісі бар
Діні: христиан
Білімі: Тэ Чхун университеті, музыка бөлімі
Хобби: комикстер салу
Ерекше дарыны: брейк-данс, ән айту, бокс, актерлік шеберлік
Бала кезінде кім болуды армандаған: өнертапқыш
Арманындағы қызы: көздері әдемі, мейірімді... оны ғана сүйетін қыз
Өзге фактілер: Мин У 2 сингл, 4 альбом және 1 мини-альбом шығарған. Топтан бөлек "М" лақап атымен жеке әнші ретінде де танылған. 2008 жылы Мин у американдық продюсер Outsidaz-бен бірігіп "Minnovation" деген ән ұсынған, бұда электронды музыка, соқпалы және хип-хоп элементтері бәрі араласып жатты. Ол сонымен қатар, қазірде көптеген жас топтар пайдаланып жүрген би қимылдарын ойлап тапқан.
Және де өзінің өнертапқыштығының арқасында лазерлік перчатка ойлап тапқан. Ол түрлі-түсті жарық арқылы жанып тұрады. Соның арқасында 1500000 вонға жуық қаржы тапқан.
2010 жылдың қаңтарында Мин У апатқа түсіп, екі айдай емделген. Түрлі шоуларға қатысқан. Ол топта ең соңғы болып әскери борышын өтеген: 2009 жылдың мамырынан 2012 жылдың наурызына дейін.

Фильмография:
- Starred in 'Haeng Jin' - Sitcom 2000.
- Starred in 'Nonstop' - Sitcom 2001.
- Starred in 'Nonstop 5' - Sitcom 2005.
- Starred in 'WonTak's Angel 원탁의 천사' (also known as 'Holy Daddy') - Movie 2006.
[b:39cgc87v]Kim Dong Wan[/b:39cgc87v]
Hl34Ze61.jpg
Есімі: Ким Доң Ван / Kim Dong Wan / 김동완
Туылған күні: 21 қараша 1979 ж
Топтағы міндеті: вокал
Мамандығы: әнші, актер және модель
Отбасы: жалғыз бала
Діні: христиан
Білімі: Тэ Чхун университеті, муызка бөлімі
Ұнайтын ісі: чаттасу, ролик тебу
Ерекше қабілеті: пианинода, электрогитарада ойнай алады, актерлік шеберлігі жақсы
Бала кезінде кім болуды армандаған: күтуші
Арманындағы қыз: пәк
Басқа да фактілер: 2002 жылдан өзін әнші ретінде ғана емес, актер ретінде де танытып келеді. A Farewell to Sorrow, Children of Heaven сияқты дорамаларда ойнаған. Ол топтың ішінде төртінші болып жеке әнші болып шықты. 2007 жылдың сәуір айында Доң Ван MC Mong "Pleasure and Pain" радио-шоуына келіп, әншілік карьерасының басында мұрны бұзып алғанын айтқан. Кейін соны формаға келтіру үшін пластикалық операцияға жүгінген.
2007 жылдың маусымында Доң Ван "Kimdongwan Is" атты соло-альбомын ұсынады. Бұл альбомға Энди Лимен, Хе Суңмен, Эрикпен дуэт айтқан әндері кіреді.
2008 жылы әнші екінші соло-альбомын "The Secret; Between Us" деген атпен шығарады. Бұл альбомға да дуэтпен орындаған әндері кіреді. Мысалы, SNSD / Girls' Generation тобының әншісі Tiffany-мен, Jade Valerie, және топтастары Eric және Heritage-бен.
Ким Доң Ван 2010 жылы әскери борышын ақтап келеді.

[b:39cgc87v]Фильмография:[/b:39cgc87v]
Түскен дорамалары:
2001 – Nonstop
2002 – Children of Heaven KBS [23]
2005 – "Magic Power Alcohol" – MBC Best Theater (Episode #610)
2005 – Beating Heart
2005 – A Farewell to Sorrow, aka A Farewell to Tears or Goodbye Sadness KBS
2007 – The One I Love, aka The Person That I Love or I Will Not Love
2011 – The Peak (aka Life of Lee Youk-Sa, the Poet who Embraced Epoch)
2012 – Cheer Up, Mr Kim (KBS)

Фильмдер:
2002 – Emergency Act 19 – cameo with Shinhwa
2004 – Spin Kick, aka Taekwon Boys[24]
2012 – Deranged - as Jae-pil, an investigator and younger brother of Jae-hyuk, played by Kim Myung-min[25]

Шоулар:
2003 Yoon Do-Hyun's Love Letter “Lately” – KBS
2004 Yoon Do-Hyun's Love Letter “Cigarette Shop Girl” – KBS
2005 Public Relations – Officer of JeonJu International Film Festival
2005 Love Letter (ep 1 to 14) – SBS
2005 X-Man – SBS
2006 Heroine 6
2006 New X-Man – SBS
2008 Family Outing (Guest ep 1 & 2) – SBS
July 2006 Infinity Challenge – Quiz Challenge with Shinhwa (Season 4 ep11 and 12) – MBC
17 March 2012 – present: Shinhwa Broadcast – jTBC

MC
2000–2002: DJ for Ten Ten Club
2003–2005: Host for SBS Inkigayo
2006: Host for SBS I Love My Teacher Day Concert

Марапаттаулары:
2005 - KBS Drama Awards жүлдесі "A Farewell to Sorrow" сериалы үшін үздік актер
2012 - KBS Drama Acting Awards жүлдесі "Cheer Up, Mr. Kim!" дорамасы үшін үздік актер
2013 - 49th PaekSang Arts Awards жүлдесі "Deranged" фильмі үшін танымал актер