Лекция тақырыптарының мазмұны
1. Лекция тақырыптарының мазмұны
3 тақырыптан тұрады
1-тақырып.
Синтаксистің зерттеу объектісі және сөз тіркесі синтаксисі - 2 сағат.
1.1. Ситаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық, синтаксистің грамматиканың бір бөлімі екендігі. Сөз тіркесі туралы түсінік. Синтаксистік қатынастар. Сөз тіркестері сыңарларының орын тәртібі. Сөз тіркесінің сөзден және сөйлемнен өзгешелігі. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары. Сөз тіркестерін топтастыру туралы. Етістікті, есімді, ортақ басыңқылы сөз тіркестері................................................................................................... – 1 сағат
1.2. Қабыса байланысқан сөз тіркестері, оның есімді, етістікті тіркес түрлері. Қабысудың бағыныңқы сыңарлары. Тілдік экономия, соның негізінде сөзтіркесі байланысу формаларының бір-біріне ауысу процесі. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің құрылымы, мағынасы. Толымды және толымсыз матасу. Есімді және ортақ матасу. Меңгеріле байланысқан есімді және етістікті тіркестер. Ортақ меңгеру.Меңгерудің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалатын сөз таптары. Сөздердің көмекші сөздер арқылы тіркесуі, оның байланысу формаларына қатысы. Жанаса байланысу
формасы. .................................................................................................... – 1 сағат
2-тақырып.
Жай сөйлем синтаксисі -5 сағат.
1.3. Жай сөйлем түрлері. Айтылу мақсатына қарай топтасуы: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер. Хабарлы сөйлемнің мазмұны, түрлері. Есімді, етістікті, болымды, болымсыз хабарлы сөйлемдер. Сұраулы сөйлем, оның қызметі жағынан бөлінуі: негізгі сұрақты білдіретін, жетек сұрақты білдіретін, анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдердің мағынасына қарай бөлінуі: ашық сұрақты білдіретін, альтернативті сұрақты білдіретін, риторикалық сұрақты білдіретін, түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер.Бұйрықты сөйлемдер, оның түрлі реңкте айтылуы. Лепті сөйлемдер, жасалу жолдары. Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер. ...... – 1 сағат
1.4. Жай сөйлемді құрамына, сөйлем мүшелерінің қатысына қарай топтастыру. Грамматикалық бастауыштың қатысына қарай жақты, жақсыз болып бөлінуі. Белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер. Жалаң, жайылма сөйлемдер. Атаулы сөйлем. Номинативті және етістікті сөйлемдер................................................... – 1 сағат
1.5. Сөйлем мүшелері туралы түсінік. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш, оның морфологиялық белгісі Бастауыш болатын сөз таптары. Дара және күрделі бастауыштар. Баяндауыш, оның морфологиялық белгісі. Баяндауыш болатын сөз таптары. Есім баяндауыштар, етістік баяндауыштар. Құрама баяндауыштар. Дара және күрделі баяндауыш. Модаль баяндауыштар. Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикаттық конструкциялар, –ныкі, нікі қосымшалы баяндауыштар...................... – 1 сағат
1.6. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы түсінік. Толықтауыш, оның тура және жанама толықтауыш болып бөлінуі. Тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуы, ерекшеліктері. Толықтауыштың басқа сөйлем мүшесіне ауысуы. Пысықтауыш, оның түрлері. Толықтауышпен форма жағынан ұқсастығы және өзгешелігі. Пысықтауыштың мағыналық түрлері…………….................................................................................... – 1 сағат
1.7. Анықтауыш, оның жасалу жолдары. Айқындауыш. Анықтауыштың құрылымы. Дара, күрделі. Үйірлі анықтауыштар. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер. Бірыңғай мүшелердің жалғаулықты жалғаулықсыз байланысы. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Оқшау сөздер, олардың сөйлемге қатысы. Үндеу амалы. ............................................................................................ – 1 сағат
3-тақырып.
Құрмалас сөйлем синтаксисі -8 сағат.
1.8.Құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты. Құрмалас сөйлем компоненттері, интонациясы, грамматикалық мағынасы. Құрмалас сөйлемнің анықтамасы. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары. Сөйлемдердің құрмаласуындағы паратаксис және гипотаксис құбылыстары. Бұл жайлы ғалымдар пікірлері. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын лексика-семантикалық, грамматикалық амал-тәсілдер. Жай сөйлемдерді құрмаластырудағы интонация, орын тәртібі, шылаулардың ролі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі...................................................– 1 сағат.
1.9. Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, оларды топтастырудың принципі. Құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуда түркологияда қалыптасқан көзқарастар. Салалас құрмалас сөйлем және олардың компоненттерінің құрмаласу жолдары. Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы және оларды топтастыру принципі. Ыңғайлас жалғаулықты салалас сөйлемдер. Да жалғаулығы, және жалғаулығы, әрі жалғаулығы арқылы жасалатын ыңғайлас (мезгілдес) салалас сөйлемдер. Себептес жалғаулықты салалас сөйлемдер. Өйткені, себебі, жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер. Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер.............................................................. ......................– 1 сағат.
1.10. Қарсылықты жалғаулықты салалас сөйлемдер. Бірақ, дегенмен, әитсе де, сонда да т.б. жалғаулықтар арқылы жасалатын құрмалас сөйлемдер.Қарсылықты салаластарға тән құрылымдық ерекшеліктер. Талғаулы және кезектес салалас құрмалас сөйлемдер. Не, немесе, я, яки, құй, әлде жалғаулықтарының талғаулы салалас сөйлемдер жасауға қатысуы. Бірде, біресе, кейде жалғаулықтарының кезектес салалас сөйлемдер жасауға қатысуы. Жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемдер. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласқа жалғаулық қосып айтуға болмайтын жайлар............................................................. ...........– 1 сағат.
1.11. Н.Сауранбаевтің іргелес салалас сөйлемдер жайлы пікірі, оның жалғаулықсыз салаластан ерекшелігі. Мұндай сөйлемдердің түр-түрін тану принципі. Іргелес салалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық түрлері. Мезгілдік, қатынастағы іргелес салалас сөйлемдер. Осы мағыналық қатынасты жасауға қатысатын арнайы баяндауыштық формалар және анафористік сөздер. Себептік іргелес құрмалас сөйлемдер. Осы мағыналық қатынасты жасауға қатысатын арнайы бастауыш-баяндауыштық конструкциялар. Іргелес салаластың басқа түрлері. Теңдік, айқындауыштық, объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. Телінбе компонентті, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер.Іргелес салаластың мұндай түрлері жайлы ғалымдар пікірлері. .........................................................– 1 сағат.
1.12. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас құрмалас сөйлемдердің нақты танытатын белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем теориясының проблемалары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу амалдары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түр-түрін тану приципі. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің қазақ тілі грамматикалық жүйесімен байланысы, грамматикалық жүйеден алатын орны. ..................................................– 1 сағат.
1.13. Есімше формаларының қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын предикатив тұлғаның есімше негізінде жасалуы. Есімше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер білдіретін мағыналық қатынастар.
Шартты рай формалы етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер және олардың семантикалық, грамматикалық сипаты. Осы форма арқылы құрылған сабақтас құрмалас сөйлемдер білдіретін мағыналық қатынастар. Бұл типті сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. ...................................................................................................– 1 сағат.
1.14. Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлем. Өткен шақ көсемше формалы етістіктің (ып/іп/п) құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты. Бұл құрмалас сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. Келер шақ көсемше формалы етістіктің (а/е/й) қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты. Бұл құрмалас сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. Көсемшенің ғалы/гелі формаларының сабақтас құрмалас сөйлем құруға қатысуы, бұл типті сөйлемнің семантикалық, грамматикалық сипаты. –Стан, -стен формалы көсемшенің қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдер, бұлтипті сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты. .........................– 1 сағат.
1.15. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер. Компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастардың ерекшеліктері. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу сипаты, компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастар. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты. Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшелігі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі. Құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасу. .....................................................................– 1 сағат.
2. Семинар сабақтарының мазмұны
3 тақырыптан тұрады.
1-тақырып.
Синтаксистің зерттеу объектісі және сөз тіркесі синтаксисі-4сағат.
2.1. Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркесі байланысу тәсілдері. Сөз тіркесінің түрлерін айқындау. Сөз тіркесінің сыңарлары. Есімді, етстікті, ортақ басыңқылы сөз тіркестері. Дара және күрделі сөз тіркестері. Сөз тіркесі байланысу формасы мен тәсілдерін айқындау.......................................– 2 сағат.
2.2. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Қабыса байланысқан сөз тіркестері. Есімді қабысу, етістікті қабысу. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің түрлері (толық матасу, толымсыз матасу). Толымсыз матасудың қабысуға айналу. Меңгеріле байланысқан есімді, етістікті, ортақ басыңқылы сөз тіркестері. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септікті сөздерді меңгеру. Есімді басыңқы қай септіктерді, етістік басыңқы қай етістіктерді меңгеретінін нақтылау. Көмекші сөздердің сөз тіркесін құрауға қатысы. Жанаса байланысқан сөз тіркестері.........................................................– 2 сағат.
2-тақырып.
Жай сөйлем синтаксисі -10 сағат.
2.3 Жай сөйлемді айтылу мақсатына қарай топтастыру: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер. Жай сөйлемді құрамына (сөйлем мүшелерінің қатысына) қарай анықтау. Жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы сөйлем түрлері. Номинативті, етістікті сөйлемдер, олардың жасалу себебі. ........................................................– 2 сағат.
2.4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш, баяндауыш болатын сөз таптары. Әртүрлі сөз таптарының бастауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Баяндауыштың бастауышқа қиысуы (жақтық, сандық). Модаль сөздердің дара баяндауыш, күрделі баяндауыш құрамында жұмсалуы....................................................................................................– 2 сағат.
2.5. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Толықтауыш қатысты сөйлемдер. Пысықтауыш қатысты сөйлемдер. Сұрау қоя білу арқылы толықтауыш пен пысықтауышты ажырату. Толықтауыштың түрлері. Тура және жанама толықтауыш. Пысықтауыштың мағыналық түрлері. ...........................– 2 сағат.
2.6. Анықтауыш және оның түрлері. Айқындауыш пен анықтауышты ажырата білу. Қосарлы, қосалқы, оңашаланған айқындауыштардың ерекшелігі..................................................................................................- 2сағат.
2.7. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін анықтау үшін қай тұрлаусыз мүшенің қандай тұрлаулы мүшеге қатысты сөйлемге енгенін айқындай білу. Сөйлемге мағыналық жағынан байланысты, бірақ синтаксистік байланыссыз сөздер. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер қатысты сөйлемдерді қарастыру......................................– 2 сағат.
3-тақырып.
Құрмалас сөйлем синтаксисі -16 сағат.
2.8. Құрмалас сөйлем жайлы зерттеулер. Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы, дамуы. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық белгілері, анықтамасы. Құрмалас сөйлем компонеттерін байланыстырушы грамматикалық амал-тәсілдер. Құрмалас сөйлем түрлерін ажырату принциптері. ..............................................................................................– 2 сағат.
2.9. Салалас құрмалас сөйлемдер. Олардың жалғаулықты, жалғаулықсыз, іргелес салалас болып бөлінуі. Жалғаулықты салаластың мағыналық топтарына қарай түрлері. Ыңғайлас (мезгілдес) салаласты құрмаластырушы жалғаулықтар. Себептес және қарсылықты салаластарды құрмаластыратын жалғаулықтар. Себептес салаластардағы жалғаулық түріне орай компоненттердің орналасуы. Қарсылықты салаластарға тән құрылымдық ерекшелік. ...........................................................................– 2 сағат.
2.10. Талғаулы және кезектес салаласты құрмаластыратын жалғаулықтар, олардың мағынасы, қолданыс сипаты. Жалғаулықсыз, іргелес салалас сөйлемдер. Жалғаулықсыз салаластың мағыналық топтары. Мезгілдес (ыңғайлас), себептес салалас сөйлемдер. Іргелес салаластың осы түрлерімен салыстыру. .............................................................................– 2 сағат.
2.11. Жалғаулықсыз қарсылықты, түсіндірмелі салалас сөйлемдер. Олардың жалғаулықты салаласпен арақатынасы. Жалғаулықсыз салыстырмалы және шартты салалас сөйлемдердің баяндауыш формалары. Іргелес салаластың жалғаулықсыз салаластардан бөлек түрлері (анықтауыштық, объектілік қатынастағы және телінбе компонентті іргелес салаластар) жайлы мәліметтер................................................................– 2 сағат.
2.12. Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Компоненттерінің қалыптасу тұлғалары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын формалар, олардың грамматикалық сипаты. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түр-түрін тану принципі.....................................................................................................– 2 сағат.
2.13. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын предикатив тұлғаның есімше негізінде жасалуы. Бұл сабақтас құрмалас сөйлемдер білдіретін мағыналық қатынастар. Бұл типті сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. Шартты рай формалы етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер және олардың семантикалық, грамматикалық сипаты.........................................................................................................– 2 сағат.
2.14. Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлем. Өткен шақ көсемше формалы етістіктің (ып/іп/п) қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты. Келер шақ көсемше формалы етістіктің (а/е/й) қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты. Бұл құрмалас сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. ...................................................................................................– 2 сағат.
2.15. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі, құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасу. Салалас құрмалас сөйлемдер мен сабақтас құрмалас сөйлемдердің функционалдық қарым-қатынасын ашу. ............................................................................– 2 сағат.