Құрмалас сөйлем синтаксисі

Құрмалас сөйлем синтаксисі
1.8.Құрмалас сөйлемнің грамматикалық табиғаты. Құрмалас сөйлем компоненттері, интонациясы, грамматикалық мағынасы. Құрмалас сөйлемнің анықтамасы. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары. Сөйлемдердің құрмаласуындағы паратаксис және гипотаксис құбылыстары. Бұл жайлы ғалымдар пікірлері. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын лексика-семантикалық, грамматикалық амал-тәсілдер. Жай сөйлемдерді құрмаластырудағы интонация, орын тәртібі, шылаулардың ролі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі...................................................– 1 сағат.
1.9. Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, оларды топтастырудың принципі. Құрмалас сөйлем түрлерін ажыратуда түркологияда қалыптасқан көзқарастар. Салалас құрмалас сөйлем және олардың компоненттерінің құрмаласу жолдары. Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы және оларды топтастыру принципі. Ыңғайлас жалғаулықты салалас сөйлемдер. Да жалғаулығы, және жалғаулығы, әрі жалғаулығы арқылы жасалатын ыңғайлас (мезгілдес) салалас сөйлемдер. Себептес жалғаулықты салалас сөйлемдер. Өйткені, себебі, жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер. Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер.............................................................. ......................– 1 сағат.

1.10. Қарсылықты жалғаулықты салалас сөйлемдер. Бірақ, дегенмен, әитсе де, сонда да т.б. жалғаулықтар арқылы жасалатын құрмалас сөйлемдер.Қарсылықты салаластарға тән құрылымдық ерекшеліктер. Талғаулы және кезектес салалас құрмалас сөйлемдер. Не, немесе, я, яки, құй, әлде жалғаулықтарының талғаулы салалас сөйлемдер жасауға қатысуы. Бірде, біресе, кейде жалғаулықтарының кезектес салалас сөйлемдер жасауға қатысуы. Жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемдер. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласқа жалғаулық қосып айтуға болмайтын жайлар............................................................. ...........– 1 сағат.
1.11. Н.Сауранбаевтің іргелес салалас сөйлемдер жайлы пікірі, оның жалғаулықсыз салаластан ерекшелігі. Мұндай сөйлемдердің түр-түрін тану принципі. Іргелес салалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық түрлері. Мезгілдік, қатынастағы іргелес салалас сөйлемдер. Осы мағыналық қатынасты жасауға қатысатын арнайы баяндауыштық формалар және анафористік сөздер. Себептік іргелес құрмалас сөйлемдер. Осы мағыналық қатынасты жасауға қатысатын арнайы бастауыш-баяндауыштық конструкциялар. Іргелес салаластың басқа түрлері. Теңдік, айқындауыштық, объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. Телінбе компонентті, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер.Іргелес салаластың мұндай түрлері жайлы ғалымдар пікірлері. .........................................................– 1 сағат.
1.12. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас құрмалас сөйлемдердің нақты танытатын белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем теориясының проблемалары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу амалдары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түр-түрін тану приципі. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің қазақ тілі грамматикалық жүйесімен байланысы, грамматикалық жүйеден алатын орны. ..................................................– 1 сағат.
1.13. Есімше формаларының қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын предикатив тұлғаның есімше негізінде жасалуы. Есімше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер білдіретін мағыналық қатынастар.
Шартты рай формалы етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер және олардың семантикалық, грамматикалық сипаты. Осы форма арқылы құрылған сабақтас құрмалас сөйлемдер білдіретін мағыналық қатынастар. Бұл типті сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. ...................................................................................................– 1 сағат.
1.14. Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлем. Өткен шақ көсемше формалы етістіктің (ып/іп/п) құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты. Бұл құрмалас сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. Келер шақ көсемше формалы етістіктің (а/е/й) қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты. Бұл құрмалас сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы. Көсемшенің ғалы/гелі формаларының сабақтас құрмалас сөйлем құруға қатысуы, бұл типті сөйлемнің семантикалық, грамматикалық сипаты. –Стан, -стен формалы көсемшенің қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдер, бұлтипті сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты. .........................– 1 сағат.
1.15. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер. Компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастардың ерекшеліктері. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу сипаты, компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастар. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты. Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшелігі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі. Құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасу. ....................................................................