Жай сөйлем синтаксисі
Жай сөйлем синтаксисі
1.3. Жай сөйлем түрлері. Айтылу мақсатына қарай топтасуы: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер. Хабарлы сөйлемнің мазмұны, түрлері. Есімді, етістікті, болымды, болымсыз хабарлы сөйлемдер. Сұраулы сөйлем, оның қызметі жағынан бөлінуі: негізгі сұрақты білдіретін, жетек сұрақты білдіретін, анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдердің мағынасына қарай бөлінуі: ашық сұрақты білдіретін, альтернативті сұрақты білдіретін, риторикалық сұрақты білдіретін, түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер.Бұйрықты сөйлемдер, оның түрлі реңкте айтылуы. Лепті сөйлемдер, жасалу жолдары. Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер. ...... – 1 сағат
1.4. Жай сөйлемді құрамына, сөйлем мүшелерінің қатысына қарай топтастыру. Грамматикалық бастауыштың қатысына қарай жақты, жақсыз болып бөлінуі. Белгісіз жақты, жалпылама жақты сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер. Жалаң, жайылма сөйлемдер. Атаулы сөйлем. Номинативті және етістікті сөйлемдер................................................... – 1 сағат
1.5. Сөйлем мүшелері туралы түсінік. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш, оның морфологиялық белгісі Бастауыш болатын сөз таптары. Дара және күрделі бастауыштар. Баяндауыш, оның морфологиялық белгісі. Баяндауыш болатын сөз таптары. Есім баяндауыштар, етістік баяндауыштар. Құрама баяндауыштар. Дара және күрделі баяндауыш. Модаль баяндауыштар. Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикаттық конструкциялар, –ныкі, нікі қосымшалы баяндауыштар...................... – 1 сағат
1.6. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы түсінік. Толықтауыш, оның тура және жанама толықтауыш болып бөлінуі. Тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуы, ерекшеліктері. Толықтауыштың басқа сөйлем мүшесіне ауысуы. Пысықтауыш, оның түрлері. Толықтауышпен форма жағынан ұқсастығы және өзгешелігі. Пысықтауыштың мағыналық түрлері…………….................................................................................... – 1 сағат
1.7. Анықтауыш, оның жасалу жолдары. Айқындауыш. Анықтауыштың құрылымы. Дара, күрделі. Үйірлі анықтауыштар. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер. Бірыңғай мүшелердің жалғаулықты жалғаулықсыз байланысы. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Оқшау сөздер, олардың сөйлемге қатысы. Үндеу амалы. ............................................................................................ – 1 сағат