Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Алайда бұл салада жүйелі зерттеулер мен өз бағыты айқындалған ізденістер бірден көріне қоймады. Бұл бір жағынан заңды да. Себебі кәсіби сынның қанаты қатайып, қалыптасып, кемелденбей жатып, оның тарихын дәуірлеу мәселесінің көтерілмейтіндігі, көтерілген күнде де нақты шешімін таба алмайтындығы мәлім. Ал қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары сонау ауыз әдебиетінде көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан жіктелу, кәсіби сипатының анықталуы, кәсіби сыншылардың бой көрсету процесі жүріп, шыңдап қалыптасып дамуға бет бұрды. Көркем әдебиеттің асылы мен жасығын таразылар, адал бағасын берер сыншылар пайда бола бастады.
Бұл орайда ақын-жазушы, қаламгерлеріміздің кәсіби сынның өрісін кеңейтуге қосқан үлесі ерекше. Әрине мұнда ауыз толтырып айтар ардақты есімдер қатарында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Торайғыров, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Жолдыбаев, Е.Бекенов, Ғ.Тоғжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов және т.б. сап түзейтіндігі белгілі. Бұлардың әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының қалыптасуына қосқан үлестері мол. Алайда сол кезеңдегі сынға, сын тарихына қатысты айтылған ой-пікірлердің көпшілігі кеңестік идеология талап-тілегімен жымдаса беріліп жатты. Солай бола тұрса да, олардың ішінде осы кезге дейін де өз маңызын жоймаған құнды ойлар бар. Бұл кезде сын және зерттеу мақалаларда маркстік-лениндік әдіснама талаптарына сай социалистік реализм көбірек сөз болды.
30-жылдары әдебиет сыны саласында аянбай еңбек еткендердің бірі сыншы Е.Ысмайыловтың, Қазақстан Жазушылар Одағының 1937 жылы мамыр айында сын туралы арнайы пленумы өтті. М.Қаратаевтың “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген баяндамасы, 1939 жылы маусым айында өткен Қазақстан жазушыларының ІІ съезінде жазушы Ғ.Мүсірепов сынның жай-күйі туралы баяндамасы және М.Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдары ерекше әдеби сын тарихында орын алады.
М.Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдарын ұсынады: “Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзір қысқа. Бұл жас ғылым. Ол әдебиеттік сын. “Қазақ әдебиетінің теориясы”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” деген салаларға бөлініп, енді ғана дамып келеді. Қазақтағы әдебиеттану ғылымы құралғанда, ол өзінің алғаш туысымен, бүгінгі жеткен сатысымен, барлық бас-аяғын жинағанда — түгелімен, толық мағынасында, социалистік Ұлы Октябрь революциясының жемісі болады. Октябрьден бұрынғы қазақ тарихында біз бұл жөнінде, “өскен ғылым” дерлік мардымды мұралар алғанымыз жоқ.
Сынның тарихына және бүгінгі мәселелеріне қатысты ойлар “Қазақ әдебиеті” газеті жарық көргеннен кейін молайып, ақын-жазушылар, сыншылар арасындағы пікірталасты қыздырып жіберді. С.Мұқанов “қазақ сыны Шоқаннан басталады” деген пікір айтты. Ғ.Мүсірепов сынның үш түрін бөліп көрсетті.
Бұдан кейінгі кезеңдерде де бұл мәселе ұдайы көтеріліп, қазақ әдебиет сынының туу, қалыптасуы туралы ғалым-сыншыларымыз әртүрлі пікірлерді ортаға салған. М.Қаратаев “Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсында, айналасы осы 10-15 жылдың ішінде. Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе” — десе, ғалым Е.Ысмайылов “Біздегі әдебиет сыны мен әдебиет тану ғылымы тек совет дәуірінің жемісі, бұрын сыншылдық, әдебиетшілік дәстүрі мүлде жоқ, тыңнан туып жасалған” — деп тар шеңберден шыр айналып, тереңнен қазбаған. Оған белгілі дәрежеде үстем көзқарас, яғни орыс елінің тарихынан асып түсер, ерте пайда болар құбылыстар болмауы керек дегенді қызыл сөзбен тұмшалаудың салдары себепші болғанын жоққа шығармау керек. Алайда 60-жылдардағы “жылымықта” жаңаша толғаулар айтыла бастады. Соның нәтижесінде ғалым Т.Кәкішұлы сынның қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатқанын айтып, оның қанаттануын Шоқаннан, Ыбырайдан, Абайдан таратқан. “Оянған ойға кең өріс” еңбегінде әдебиет сынының қалыптасып, дамуы баспасөз арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп көрсетеді. Өйткені халықтың әлеуметтік жағдайы, көкейтесті мәселелері, арман-тілегі, мұң-мұқтажы халық өмірінің айнасы болып табылатын — баспасөз арқылы көрініс беретінін дәлелдей бастады.
Бірқатар жас сыншылардың сын кітаптары жарық көрді. К.Керейқұлов, Қ.Ергөбеков, А.Нағметов, Т.Мәмесейітов, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов, Б.Сарбалаев т.б. өз кітаптарын соңғы жылдардағы әдеби процесті қарастыруға арнай отырып, ондағы жанрлардың баюын, тақырыптық өрісінің кеңеюін, көркемдік ізденістердің молаюын талдап көрсетуде білімділік танытты.
Бұлардан басқа өздерінің күнделікті баспасөз бетіндегі сын мақалаларымен әдеби сынымыздың дамуы мен тереңдеуіне ойлы пікір қосып жүрген авторлардың саны да көбейді. Олардың қатарында Ш.Елеукенов, З.Серікқалиев, Х.Садықов, С.Жұмабеков т.б. есімдерін атау орынды. Бұлардың бәрі де қазақ әдебиеттану ғылымының бар саласында жемісті еңбек етіп жүрген — сыншы-ғалымдар.
Тапсырмалары мен сұрақтары:
1.Осы тарауға қатысты мына еңбектерді оқып шығыңыз: Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік: Сын мақалалар, портреттер, эссе. — Алматы: Жазушы, 1993; Елеукенов Ш. Сын және сыншы немесе сынтану ғылымы туралы толғаныс. // Ақиқат, 1998. № 4; З.Серікқалиев, К.Керейқұлов, Қ.Ергөбеков, А.Нағметов, Т.Мәмесейітов, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов,
2. Қазақ сыны тарихына қатысты еңбектерді хронологиялық жағынан қарастыра отырып, олардың эстетикалық-әлеуметтік, әдеби-теориялық мазмұнына сипаттама жасаңыз.
3. Кәсіби сынның, сыншылдық шеберліктің өсу және толысу жолдарын көрсетіңіз.
І Модуль бойынша пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Ысмайлов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973.
3. Қаратаев М. Казахская литературная критика на современном этапе. Алматы, 1974.
4. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, Білім, 2003, 2кітап.
5. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, ҚАЗақпарат, 2001.
6. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. Алматы, ҚАЗақпарат, 1999.
6.Жүсіпова А. Әдеби сын тарихы. Алматы, ҚазҰУ баспасы, 2008.
Қосымша әдебиетер:
6. Әуезов М. Мақалалар, зерттеулер, 17 т. — Алматы: Жазушы, 1985.
7. Мұқанов С. Проза және сын туралы // Әдебиет және искусство, 1939, № 7. 37-57 беттер.
8. Мұстафин Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. 5 Т. А.: Жазушы, 1984.
9. Қараңыз: Венгеров С.А. В чем очарование русской литературы ХІХ века? — С-Петербург, 1912; Бурсов Б.И. Национальное своеобразия русской литературы. Изд. 2-е — Ленинград, 1967; Берковский Н.Я. О мировом значений русской литературы. — Л., 1975; Купреянова Е.Н., Макогоненко Г.П. Национальное своеобразие русской литературы. Очерки и характеристики. — Л., 1976; Фридлендер Г.М. Национальное своеобразие и мировое значение русского романа. // В кн.: История русского романа в 2-х т-х. — М. - Л., 1964, т.2.
10.Соколов Н.И. О литературной критике и филологическом образовании // Русск. лит., 1977, № 1.
11. Егоров Б.Ф. О мастерстве литературной критики. Жанры, композиция, стиль. — Ленинград: Советский писатель, 1980. - 319 с.
12. Белинский В.Г. Шығармалары /Ауд. Б.Шалабаев. — Алматы: Жазушы, 1987. - 352 б.
13. Чернышевский Н.Г. Литературная критика. Т.1. М.: Художественная литература. 1981.
14.Кәкішев Т. Оңаша отау. А.: Жазушы, 198210. Нефедов Н.Т. История зарубежной критики и литературоведения: Учеб. пособие для вузов. — Москва: Высш.шк., 1988. - 272 с.
15. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік: Сын мақалалар, портреттер, эссе. — Алматы: Жазушы, 1993.
16.Елеукенов Ш. Сын және сыншы немесе сынтану ғылымы туралы толғаныс. // Ақиқат, 1998. № 4.