Қазақ әдебиеті сынының тарихы пәнді оқытудың міндеті:

Пәнді оқытудың міндеті:
Пәнді оқыту барысында шәкірттерді қазақ әдеби сынның пайда болу, даму, қалыптасу тарихынан хабардар ету, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту.
Осымен қатар бұл курстің утилитарлық міндетінің бірі - сыншылық қабілеті бар студенттерді осы қиын да абыройлы жолға түсіру. Ол үшін курстік жұмыс жүйесі дүрыс пайдаланады. Өз бетінше орындаған жұмыстың аяқ алысы, қалам жебеуі ескеріліп, дұрыс та мәнді орындалған жұмыстарды газет-журналдарда жариялау қамы жасалады. Қазіргі ғылым мен сын саласында көрініп жүргендердің көбі осындай сатылардан өткендер. Демек, сын тарихы курсы дұрыс оқытылған жағдайда қазақтың сыншылықойы жетіле беретіні сөзсіз.
Пән мазмұнына негізделген білім, дағды және шеберлік. Осы пәндерду игеру жолында студент өзінің білімінің дағдылық, іскерлік қабілетін дамытып, қиын да абыройлы сын жанрының табиғатын тереңінен танып, жәй-жапсарын түсінуге, қазақ әдеби сынының дамуына, өркендеуіне талпыныс жасары анық.