Қазақ әдебиеті сынының тарихы пәнді оқытудың мақсаты:

Пәнді оқытудың мақсаты:
Негізгі көзделетін мақсат - әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету.
Сыншылық ой-пікірдің өрістеу жолдары тек әдеби құбылыстарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-әлеуметтік толғаныстарға іш тартып жататындықтан сын тарихын кең көлемде қарастырып, ел-жұрт түсінігінің, эстетикалық таным-білігінің әрі даралану, әрі жалпылану жай-күйі ескеріледі. Студенттердің таным-білігі осы өреден шықса, онда пәннің ықпалы мәндене түседі, яғни студенттердің сыни-ойлау жүйесі белгілі бір арнаға түсіп, көркемдікті тану қабілеті артта түседі. Сондай-ақ, сынның тарихын оқыту бүгінгі әдеби процестегі оның ролін, болып жатқан көркемдік қүбылыстарын тани білу, тарихты бүгінгі күннің кәдесіне жарату, мақсатында жүргізіледі.