Қазақ әдеби тілі туралы cеминар тапсырмалары:
Семинар тапсырмалары:
1. Қазақ әдеби тілі туралы ұғым, екі түрлі концепция.
2. Қазақ әдеби тілінің қайнар көздері мен ауызша арналары.
3. ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. қазақ поэзиясының стильдік-тілдік ерекшеліктері. Жыраулар тілінің зерттелуі, жауынгерлік лексиканың қолданыс ерекшелігі.
4. Қ. Жалайырдың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілі, лексикасы, фразеологиясы зерттелуі көне жазбалар мен қазақ әдеби тілінің арасындағы тарихи сабақтастық пен жалғастық. Көне қыпшақтық элементтерге талдау жүргізу.
5. Бұхар жырау – жыраулар мектебінің соңғы әрі, ірі өкілі, дәстүрлі жалғастырушы: Бұхар жыраудың жаңашылдығы, жырау тілінің тазалығы, көркемдеуіш элементтерді, тұрақты эпитеттердің қолданылуы.
6. Осы ғасырлардағы әдеби тілдің лексика-грамматикалық сипаты. ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілінің нормалану мәселесі.
7. ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия жанры, көрнекті өкілдері және зар-заман ақындарының тіліне тән ерекшеліктер, жаңа әкімшілік атаулары, сауда терминдері оқу мәдениетке қатысты сөздер, орыс сөздерінің енуі. Шортанбай тіліндегі діни лексика элементтері, грамматикалық нормалардың сөз қалыптастыру, сөз тудырудағы ерекшеліктер (терминология туралы).
8. Ақындар мектебінің әдеби тілге қосқан үлесі. Махамбет, Дулат сынды ақындар мектебі өкілдері мұраларының зерттелуі, жыраулар тілі және жазба ескерткіштерден айырмашылығы.
9. Жаңа әкімшілік атаулары (тілмаш, малды қағаздату, қара шығын), сауда терминдері, сөздердің енуі. Параллель формалардың кездесуі, -сіз жалғаулы етістіктің көптік мағынада қолданылуы.
10. Қазақ жазба әдеби тілі мен ұлттық әдеби тіл. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалаушы, көрнекті өкілдері Абай, Ыбырай. Ыбырайдың Н.И. Ильминскийге, т.б. адамдарға жазған хаттары, тұңғыш хрестоматиясы, аудармалары түрлі стильдердің әрі қарай дамуына, жаңа жанрлардың қалыптасуына игі ықпалы.
11. Абай тіліне тән ерекшеліктер, тақырып аясының кеңеюі, абстрактілі есімдердің жасалу тәсілдерінің пайда болуы, лексиканың тақырыптық түрлерінің көбеюі, қара сөздеріне тән тілдік ерекшеліктер әдеби тілдегі тың нәрселер.
12. Алғашқы қазақ газеттеріндегі әдеби тілге тән грамматикалық амал-тәсілдер жүйесі, лексикалық ерекшеліктер, сыртқы факторлар әсерінің артуы. ДУГ, ТУГ тілі ерекшеліктері, кірме сөздер қабаты мен қоғамдық-саяси лексика элементтерінің нормалануы.
13. Ғылыми-көпшілік және ресми іс-қағаздар стилі. Эпистолярлық стильдің жай-күйі мен алғашқы қазақ кітаптары тіліне тән ерекшеліктер.
14. әдеби тілдегі нормалану процесі туралы. Тілдік единицалардың тұрақталуы, кезеңдік сипаты, яғни әр дәуірге тән ерекшеліктер болатындығы жөнінде.
15. ХIХ ғ. II жартысындағы қазақ әдеби тілінің жазуы мен емлесі туралы. Лексикография саласы, қос тілді сөздіктердің жасалуы, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың ықпалы жөнінде.
Негізгі әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – А., 1993.
2. Кәрімов Х. Қазақ әдеби тілінің тарихы (семинар сабақтарына арналған методикалық талдаулар). – А., 1988.
3. Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғ.ғ. Қазақ поэзиясының тілі. - А., 1983.
Қосымша әдебиеттер:
1. Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. – А., 1949.
2. Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. - А., 1954.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1954.
4. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – А., 1959.
5. Бес ғасыр жырлайды. – А., 1985.